Агрометеорологиялық онкүндік шолу

2017 жылдың қаңтар айының 3-ші онкүндігіне

қысқаша агрометеорологиялық шолу

         Қаңтар айының үшінші онкүндігінде Қазақстанның күздік бидай егетін оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында температуралық фон нормадан жоғары болып, жауын-шашын жалпы нормадан жоғары жауған.

         Ауа температурасының күндіз оң, түнде теріс көрсеткіштеріне ауысуы күздік бидайдың қыстап шығуын қиындатты, алайда қар жамылғысының болуы қанағаттанарлық жағдай жасауда.

        Күздік бидай тамырының түптену түйінінде топырақтың минималдық температурасы  0˚С-тан  минус 3˚С дейін ауытқыған.

       Батыс Қазақстан облысының күздік дәнді дақылдарды егетін аудандарында тұрақты қар жамылғысы сақталды, бұл өсімдіктерге қорғау ықпалын жасады, сондықтан топырақ бетіндегі төмен температура (27 - 30˚С аяз) қыстап шығуға қауіпті болған жоқ.  

       Мал шаруашылығы аймақтарының басым бөлігінде ауа-райы әдеттегіден жылы болып, жауын-шашын жаппай жауған.

       Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының Құрманғазы ауданында, Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында, Қарағанды облысының Ұлытау және Шет аудандарында мал жайлымдарда жайылады, қалған аймақтарда мал қорада тұр.

      Атырау облысының Махамбет ауданы (Махамбет МС), Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы  (Қызан МС) және Қызылорда облысының Шиелі ауданы (Злиха МС) жайылымдарында 1-2 тәулік бойы көктайғақ байқалған, бұл жайылымдардағы малдың жайылуын қиындатты.

     Жайылымдарда өсімдіктердің жағдайы жалпы қанағаттанарлық жағдайда. Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында және Алматы облысының Жамбыл және Қаратал аудандарында жайылымдардың қатты тапталуы байқалуда, қалған аймақтарда орташа тапталған. Шымның жағдайы жаппай қатқақ болды.

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»