Қазақстан өзендерінде қалыптасқан гидрологиялық жағдай

 Қазақстан өзендерінде қалыптасқан гидрологиялық жағдай

20 шілде 2017 жыл, бейсенбі

     Өткен тәулікте Қазақстанның таулы аудандарының кей жерлеріне жаңбыр жауды. ШҚО өзендерінде (Күршім, Бұқтырма, Ақсу, Тұрғысын, Үлбі, Оба және т.б.) су деңгейінің көтерілулері жүрді. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу Алатауы көптеген өзендерінде су деңгейінің төмендеуі байқалды. Жамбыл облысы және Іле Алатауының өзендерінде сулылықтың ауытқуы болды.  Ертіс өзені Бұқтырма су қоймасына және Шүлбі су қоймасына бүйірден келіп түсетін су сәйкесінше 790 м3/с және 140 м3/с дейін артты. Іле өз. Қапшағай су қоймасына келіп түсетін су 738 м3/с дейін азайды, одан тасталатын су 785 м3/с дейін азайды, ондағы су көлемі 17530 млн м3  дейін азайды. Сырдария өзені ағыны Көкбұлақ ГБ тұстамасында су 393 м3/с дейін көбейді,  Шардарадан тасталатын су тағы 900 м3/с дейін қысқартылды, су қоймадағы су көлемі азаюда, ондағы су көлемі 3397 млн. м3 тең. Көксарай контрреттегішінен Сырдария өз. арнасына су тасталуы жалғасуда (ТЖК мәліметі бойынша).  Қазақстанның жазықтық аумағының өзендерінде гидрологиялық режимде жаздық сабалық кезең байқалуда.

МАҢЫЗДЫ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРҒА БОЛЖАМ

                Таяудағы тәуілікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтың таулы өзендерінде  сулылықтың ауытқуы жүреді. 

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»