Сәлемсөз

Сәлемәтсіздер ме, құрметті достар!

  Сіздерді «Қазгидромет» РМК сайтында көргеніме қуаныштымын!  Ұлттық  гидрометеорологиялық қызметтің негізі 1922 жылы салынған. Міне, 94 жыл бойы біздің компанияның қызметкерлері бізді ауа-райының тосын сыйынан қорғап келеді.   Бүкіл еліміз бойынша үш мыңнан астам қызметкер: бақылап, талдап, болжап, ауа-райының тәртібі туралы ескертіп, тәулік бойғы  мониторинг жүргізеді.
  Белгілі чех ғалымы, публицист Карел  Чапек, егер өз газеттерінде оқымаса, тіпті мемлекеттік метеорологиялық институттың ауа-райы туралы болжамына, сенбейтін адамдар бар дейді. Ауа-райы туралы ақпарат алу біздің күнделікті өмірімізге енгені соншалық, тіпті оның алынатын көзі туралы көбінесе ойланбай, мән бере бермейміз. Бір ғана болжам немесе ақпар алу үшін метеорологтардың, гидрологтар мен экологтардың ғылыми-өндірістік еңбегінің ұзақ тізбегі тұр. Егер ауа-райы немесе экология туралы ақпаратты бір рет қана жіберіп алсақ - бұл өндіріске, кәсіпорынға, ғылым мен техниканың дамуына, әр адамның күнделікті өміріне едәуір әсерін тигізетініне, әрине, келісесіздер.
  Біз өз жұмысымызда, жер – бұл бір тұтас құрылым екенін, онда және оның айналасында болып жатқан барлық үрдістер, климатты қоса, бір-бірімен жүйелі байланыста екенін, біз әсте есімізден шығармаймыз. Сондықтан да, біз жұмысымызды: сарапшыларымыз болжам жасаумен айналыса алатындай, гидрологиялық, агрометеорологиялық бақылауды және экологиялық мониторингті жүргізе алатындай етіп қалыптастырдық.
  Сіздердің сайтымызға кіріп, біздің қызметімізге көңіл бөлгендеріңізге, көп-көп рахмет! Сіздер көптеген қызықты да, пайдалы ақпарат алатындарыңызға, сенемін.

Құрметпен М. Кынатов 

 

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»