ӨТКЕН ТӘУЛІККЕ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРҒА ШОЛУ

                                        2017 жылғы 19-шы ақпанда күндіз және 20-шы ақпанда түнде бақыланған нақты ауа-райына шолу

Алматы облысының басым бөлігінде күндіз қар жауып өтті, жекелеген аудандарында қар қатты жауды, кей жерлерінде жел 15-21 м/с күшейді, жекелеген аудандарында көктайғақ бақыланды, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын бақыланды. Қарағаңды облысының кей жерлерінде аздаған қар жауып өтті, күндіз жекелеген аудандарында қатты қар жауды, күндіз кей жерлерінде жел бұрқасынмен 15-20 м/с күшейді, түнде басым бөлігінде жел бұрқасынмен15-20 м/с болды. Қостанай, Солтүстік Қазақстан ,  Павлодар, облыстарында қар жауып өтті, басым бөлігінде жел бұрқасынмен 15-26 м/с күшейді. Ақмола облысының басым бөлігінде күндіз қар жауып өтті, түнде қар жауды, жел бұрқасынмен 15-28 м/с күшейді, түнде жекелеген аудандарында күшті жел 30 м/с болды. Ақтөбе облысында күндіз қар жауып өтті, түнде кей жерлерінде қар жауды, кей жерлерінде жел 15-21 м/с бұрқасынмен күшейді,түнде кей жерлерінде тұман бақыланды. Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан областарының кей жерлерінде күндіз қар жауып өтті, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-24 м/с күшейді, жекелеген аудандарында жаяу бұрқасын бақыланды, Оңтүстік Қазақстан  облысының кей жерлерінде  тұман бақыланды. Шығыс Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде қар жауып өтті , түнде кей жерлерінде аздаған қар жауды, кей жерлерінде жел бұрқасынмен 15-22 м/с күшейді.Батыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде қар жауып өтті, түнде кей жерлерінде аздаған қар жауып өтті, күндіз кей жерлерінде жел 15-17 м/с күшейді. Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз аздаған  қар жауып өтті, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді, түнде Қызылорда облысының  жекелеген аудандарында жел 20-25 м/с күшейді. 

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»