ҚАУІПТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРҒА БОЛЖАМ

Қазақстан аймақтарында 2017 жылғы 17-ші қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясы

                Республиканың басым бөлігінде  жауын-шашынсыз болады, тек  шығыстың кей жерлерінде қар жауады. Кей жерлерде тұман  болып, жел күшейіп, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде  бұрқасын күтіледі.

             Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.  Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында  тұман болып,  жел 15-20 м/с күшейеді.   Ақмола,  Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»