ӨТКЕН АЙДЫҢ АУА-РАЙЫНА ШОЛУ

                                                      

2017 жылдың маусым айына арналған Гидрометорталық есебі.

 

Ауаның орташа айлық температурасы оңтүстік, оңтүстік-батыс өңірлерінің басым бөлігінде және оңтүстік-шығыс өңірлерінің жекелеген аудандарында 25...28 жылы, қалған аймақтарда – 17...26 жылы; бұл Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде мөлшерден 1...2°С төмен, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Ақмола облысының кей жерлерінде, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында мөлшерден 1...3°С жоғары, қалған аумақтарда мөлшер шамасында.

Жауын-шашының айлық мөлшері еліміздің басым бөлігінде 24 мм дейін; солтүстік солтүстік-батыс, шығыс өңірлерінің басым бөлігінде, оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс өңірлерінің кей жерлерінде, батыс және орталық, өңірлерінің жекелеген аудандарында 28...96 мм, бұл Солтүстік Қазақстан облысында, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қызылорда облысының жекелеген аудандарында мөлшерден 1,3...3,6 көп, ал қалған аумақтарда – мөлшер шамасында және мөлшерден аз түсті.

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»