РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 04 маусым 2019 13:47, Изменено: 04 маусым 2019 15:33

Қарағандыдағы батутпен төтенше жағдайға байланысты «Жел туралы ескерту болған жоқ» атты ТЖД бұрынғы қызметкерін жақтаушылардың жариялымына, «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) төмендегілерді хабардар ету қажет деп санайды:

Филиалмен 2019 жылғы 24 мамыр сағат 14:06-да Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар қызметіне және сағат 14:56-да Қарағанды облысы бойынша әкімдікке, Қарағанды облысы бойынша 2019 жылғы 25 мамырда күтілетін ауа райының қауіпті құбылыстары туралы: «Күндіз кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ түсуі мүмкін (әсіресе Қарағанды қаласы кіретін солтүстік және орталық облыстарда, жел оңтүстік-шығыс бағытында оңтүстік-батысқа ауысуымен, жылдамдығы 9-14 м/с, солтүстікте және орталықта 15-20 м/с, кей жерлерде дауыл» ауа райы бюллетені жіберілген болатын. Іс жүзінде болжам 100%-ға ақталды, оның ішінде Қарағанды қаласында жел жылдамдығы 15-16 м/с құрады, яғни Филиал алдын ала, яғни Филиал алдын ала, 24 сағаттан астам уақыт бұрын (норма 6 сағаттан кем емес) ауа райының қауіпті құбылыстары туралы ескертті. Сондай-ақ Филиал күн сайын «Қазгидромет» сайтында облыс бойынша ауа райы құбылыстары (ауа температурасы, желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын) туралы болжам орналастырады.

Осыған ұқсас оқиғалар Қазақстанның басқа қалаларында да орын алғанын атап өткіміз келеді: 2018 жылғы мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында, 2019 жылғы сәуір айында Ақтау қаласында және т.б.

Үрлемелі батуттарды орнату және пайдалану кезінде балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы үрлемелі жабдыққа арналған құжаттаманы (паспорт, орнату және пайдалану жөніндегі нұсқаулық) басшылыққа алу қажет. Бекітпе конструкциялары мен тораптарының сенімділіктің жоғары қоры болуы тиіс және жылдамдығы 25-30 м/сек-тан асатын дауылды желдерге есептелуі тиіс.

Соңғы уақытта төтенше жағдайлар болған жағдайда кейбір ұйымдар мен тұлғалар үшін «Қазгидромет» болжамына сілтеме жасау әдеттен тыс тәжірибеге айналды. Қазақстан азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін жоғары қауіп төндіретін ғимараттарды пайдаланатын ұйымдар мен жеке тұлғалар дауылды ескертулерді күтпеуі тиіс, ал күн сайын ауа райы мониторингін «Қазгидромет» сайтында, егер «Қазгидромет» болжамына сілтеме жасасаңыз, анемометрлер орната және жұмысты дереу тоқтата, ауа райы жағдайлары күрт өзгерген жағдайда келушілерді/балаларды эвакуациялауға тиіс деп санаймын.

 

«Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы – Нұрлан Толеутаевич Шахарбаев

Қабылдау бөлімі – 8 (7212) 56-75-51

Филиалдың синоптикалық қызметі – 8 (7212) 56-55-39