Жаңалықтар

Қазақстанда аномальді ыстық

19 Маусым 2015

2015 жылғы 20-22 маусымға арналған ауа-райы болжамы  

Көпжылғы орташа мәнді ауа температурасынан 5-10º жоғары аномальді ыстық Қазақстанның көптеген облыстарында орнады. Осындай ауа-райы жоғары барийлі жотамен байланысты, бізге батыс шеті бойынша Жақын Шығыстан ыстық ауа  келіп түседі.  Ресейдің Еуропалық аумағынан жылжитын атмосфералық фронт ықпалында болуына қарамастан, жеке аудандарда өткінші жаңбыр, демалыс күндері температураның төмендеуі күтілмейді. Бұрынғыдай күндізгі температура +30-35º, батыста және оңтүстікте +36-42º. Тек шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарына Сібір аудандарынан ауа келеді, сондықтан мұнда нормаға жақын температура сақталады және кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. 

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»