Жаңалықтар

Суық атмосфералық фронт республикамыздың оңтүстігіне де жетеді

12 Тамыз 2015

2015 жылдың 13-15 тамызына.

Циклондар және онымен байланыстағы атмосфералық фронттар Қазақстан  аумағы арқылы Алтайға қарай ығысуда. Республикамыздың көптеген облыстарында осы циклонмен бірге жаңбыр, найзағай, әр жерлерде бұршақ, қатты ұйтқыма жел және температураның төмендеуі күтілуде. 13 тамызда оңтүстік облыстары, 14-15 тамызда оңтүстік-шығыс облыстары сондай-ақ суық атмосфералық фронттар әсерінде болады. Сондықтан бұл жерлерде де өткінші жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және температураның төмендеуі күтілуде. 

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»