Жаңалықтар

2016 жылдың 27-29 желтоқсанына арналған ауа-райы болжамы

26 Желтоқсан 2016

Алдыңғы үш тәулікте боран, қар жауу және көктайғақ күтілуде 

Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндерінің ауа-райын оңтүстік  циклон анықтайтын болады. Республиканың көптеген облыстарында қар жауып, боран соғып, ауа  температурасы көтеріліп, оңтүстікте көктайғақ күтіледі.   

Алайда, 28 желтоқсанда, циклонның ту сыртынан Қазақстан бойынша антициклон тарай бастайды. Антициклонның ықпалынан, 29 желтоқсанда, шығыс және солтүстік облыстарда басымырақ, қысқа мерзімді суық болжанады.  

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»