Жаңалықтар

2016 жылғы 29-31 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы

28 Желтоқсан 2016

Жаңа жыл алдында күн жылиды 

29-31желтоқсанда облыстардың көбінде қар жауып, боран соғып, батыс желі   15-20 м/с дейін күшейеді, бірақ ауа температурасы нормадан 2-5º С жоғары болып, қатты аяз болмайды.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда, оңтүстік циклонның ықпалынан, қар және сулы қар түріндегі жауын-шашын түсіп, соған орай көктайғақ пен тұман күтіледі, бұл жерлерде температура сондай-ақ климаттық мәннен жоғары болады.

«Қазгидромет» РМК ұжымы Сіздерді келе жатқан 2017 жылмен шын жүректен құттықтайды!

Жаңа жыл түніне және мерекелік күндерге арналған ауа-райы болжамы синоптиктермен 30 желтоқсанда шығарылады.

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»