Жаңалықтар

2017 жылдың жаңа жылдық мерекесіне арналған ауа-райы болжамы

30 Желтоқсан 2016

Жаңа жылдың түніне және мерекелік күндерге синоптиктер қатты аязды болжамайды, ауа температурасы әдеттегіден  4-10ºС жоғары болады. Атмосфералық фронттардың ықпалынан, облыстардың көбінде қар жауып, бұрқасын тұрып, қатты батыс желі 15-25 м/с дейін көтеріледі, оңтүстік облыстардың кей жерлеріне сулы қар жауып, көктайғақ пен тұман күтіледі. 

Ауа температурасы 2016 жылдың 31 желтоқсанында – 2017 жылдың 4 қаңтарында Қазақстанда:

батыста түнде 1-10ºС аяз, күндіз 5ºС аяз – 5ºС жылы;

солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде 5-15ºС, күндіз 2-10ºС аяз;

орталықта түнде 7-12 ºС, кей жерлерде 18-23 ºС аяз, күндіз 2-12ºС аяз;

шығыста түнде 8-18-ден 3-15ºС дейін аяз, күндіз 3-15-тен 0-5ºС дейін аяз, кей жерлерде 8ºС аяз;

оңтүстікте 5-10ºС, кей жерлерде 13ºС аяз, күндіз төмендеп, 5-10ºС жылы, кей жерлерде 2-7 ºС аяз 0-5 ºС аяз, кей жерлерде 5 ºС аяз;

оңтүстік-шығыста түнде 2-13ºС аяз, күндіз 0-5ºС жылы, кей жерлерде 3-8ºС аяз күтілуде.

Астана қ.: бұлтты, кей кезде қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с, 1-2 қаңтарда  25 м/с дейін күшейеді. Температура түнде 6-11ºС аяз, күндіз 2-7ºС аяз.

Алматы қ.: 31 желтоқсан – 1 қаңтар жауын-шашынсыз, 2 қаңтарда күндіз аздап жауын-шашын болып, 3,  4 қаңтарда түнде қар жауып, тұман басады. Жел 0-5 м/с. Температура түнде 2-7 аяз, күндіз 0-5 жылы, 4 қаңтарда 0-5 аяз күтіледі.

Ескертеміз, 1-2 қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында дауылдық ескерту жарияланғандығын ескертеміз. Бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 25, кей жерлерде 30 м/с аса күтіледі.

Ақмола облысының таңертең және күндіз 31 желтоқсанда бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Абай болыңыздар және сәтті Жаңа жыл болсын!

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»