Жаңалықтар

Қазақстан республикасы бойынша 2017 ж. қаңтарына арналған ауа-райының консультациялық болжамы

30 Желтоқсан 2016

Болжамға сәйкес ауаның орташа температурасы Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл және Алматы облыстарында – нормаға жуық,  қалған аумақта – нормадан 1°С жоғары  болады деп күтіледі.   Айлық жауын-шашын мөлшері Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының көп бөлігінде нормаға жуық,  қалған аумақта – нормадан жоғары  болады деп болжанады. 

Айдың көбірек бөлігінде Атлантикалық циклонның өтуімен, желдің екпіні  15-20 м/с дейін жетіп, қар жауып, боран соғады, оңтүстік аймақтарды жауын-шашын, тұман және көктайғақ құбылыстары байқалады. 

Осыған қарамай, ай бойы суытудың үш толқыны күтілуде, олар христиандардың рождестволық және шоқындыру (крещение) мерекелері (17-23 қаңтар) мен айдың соңына тура келеді.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес ауа температурасының едәуір төмендеуін 17-23 қаңтар мен айдың соңында күтілуде, сол кезде ауа температурасы:   

еліміздің солтүстік жартысында түнде 30…35° дейін аязға, күндіз 20…25° дейін аязға;

оңтүстік жартысында түнде 20…25 ° дейін аязға, күндіз 15…20 ° аязға дейін төмендейді.

Ескерту: Консультациялық болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай біраз түзетулерді талап етуі мүмкін.

 

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»