Жаңалықтар

Өткінші суық күтілуде

04 Қаңтар 2017

2017 жылдың  5-7 қаңтарына арналған ауа-райы болжамы.

Жаңа жылдық мереке күндері ауа температурасы Қазақстан аумағында нормадан  8-15ºС жоғары болды. Күндізгі температура +2ºС дейін көтерілді. Шығыс облыстарындағы жылы ауа-райы - бірінен соң бірі Батыс Сібір және Қазақстанның солтүстік аудандары арқылы өткен  атлантикалық циклондармен байланысты болды.

Кезекті циклон жақын арадағы тәуліктерде республиканың солтүстік жартысындағы ауа-райына өз ықпалын тигізеді. Соған орай қар жауып, боран соғып, күшті батыс желі күтілуде.

Орталық Азиядан жылжыған циклон оңтүстік облыстарға  жауын-шашын, тұман және көктайғақ әкеледі.  Қазақстанға  Архангельск ауданынан антициклон ауысып, 6-7 қаңтарда республиканың көптеген облыстарында өткінші суық тудырады.

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»