Жаңалықтар

2017 жылдың 7-9 қаңтарына арналған ауа-райы болжамы

06 Қаңтар 2017

Тұман, көктайғақ және температура нормадан жоғары

Тропосферада (шамамен 5 км биіктікте) орныққан, оңтүстік-батыс ағынымен, Қазақстанға Жерорта теңізінен жылу мен ылғалға бай ауа массасы келіп түсуде.  Бақыланып отырған ауа  температурасы осыларға байланысты, ол климаттық нормадан 8-15ºС жоғары. Міне, осы жексенбі күндері де желдің бағыты өзгермейді, бұл температураның нормадан жоғары болуын сақтайды, сондай-ақ  республиканың батыс және солтүстік облыстарында кей жерлерге қар жауып, боран соғып, көктайғақ күтілуде.  Қазақстанның қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалынан жауын-шашын болмайды, түнгі және таңғы сағаттарда тұман басып, көктайғақ болады.  

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»