Жаңалықтар

Ақтөбе облысында гидрометеорологиялық қызметтердің және экологиялық мониторинг дамыту

10 Қаңтар 2017

«Қазгидромет» РМК бас директоры М.П.Кынатов Ақтөбе облысы бойынша филиалына жұмыс сапарымен барып келді.

Сапар барысында Ақтөбе филиалының ағымдағы жұмысы, қызметкерлерінің болжау бойынша және ТЖД, әкімдікті, халықты дауылдық ескерту бойынша іс-әрекетінің мәселелері қаралды, сондай-ақ метеорологиялық және экологиялық желінің проблемалы объектілеріне барылды.  

Сапар шеңберінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары К.А. Бекеновпен кездесу өтті, онда тараптар филиалдың гидрометеорологиялық ақпаратты, экологиялық мониторинг деректерін ұсыну бойынша жұмысы, сонымен қатар экологиялық мониторинг деректері туралы халықты ақпараттандыруға арналған мобильді экологиялық қосымшаны бірлесіп қаржыландыру бойынша мүмкіндіктер талқыланды.

Кездесу барысында Ақтөбе облысының әкімі  Б.М. Сапарбаевқа  экологиялық мониторинг желісін кеңейту, 2018-2019 жж. Қандыағаш, Хромтау, Кеңқияқ пен Шұбаршы қаларында экологиялық мониторингтің жаңа бекеттерін орналастыру, сондай-ақ 2017 жылы Ақтөбе облысындағы кейбір метеостанцияларды жаңғырту жөніндегі жоспар туралы баяндалды.

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»