Жаңалықтар

Демалыс күндері қар жауып, боран соғады

17 Ақпан 2017

2017 жылғы 18-20 ақпанға арналған ауа-райы болжамы

Қазақстан аумағынан Оңтүстік-Каспий циклоны және  сонымен байланысты атмосфералық фронттар жылжып барады. Сол циклонның әсерінен республикамыздың көптеген аймақтарына қар жауып, оңтүстігінде жаңбыр болып, кей жерлерде қатты жауды.

Батыс облыстарының үстіне фронттардың арктикалық жүйесі бар тағы бір циклоны орнығуда. Қазақстанның аумағы арқылы батыстан  шығысқа қарай жылжи отырып, олар боранды қар жаудыртып, 15-20 м/с күшті жел соқтырып, температураның төмендеуін туындатады.

Демалыс күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктері аудандарында, суық фронттардың өту ықпалынан қатты жауын-шашын болады, көбінесе қар жауып, тұман басып, көктайғақ күтілуде.

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»