Жаңалықтар

Жазық өзендер бойынша болжау дәлдігі 85% құрайды.

19 Мамыр 2017

«Халықтық коммунистер» фракциясының отырысында ұлттық су заңнамасының  тәуелсіз сарапшысы A.Тлеулесованың: «Қазгидромет» РМК болжамдары 80% қате болады туралы» мәлімдемесі бойынша мынаны хабарлаймыз:

«Қазгидромет» уақытылы 2 (екі) ай бұрын мемлекеттік органдарды, соның ішінде ІІМ ТЖК, АШМ СРК қар қорының нормадан 20-60% және топырақ ылғалдылығының нормадан 30-50% едәуір артық болатын көлемі туралы хабардар етті, бұл көктемгі су тасқынының ауқымды көлемі туралы ескертетін – негізгі болжамды ақпарат болып табылады.

Осыдан басқа, су тасқыны кезеңінде тиісті мемлекеттік органдар уақытылы (12-72 сағат бұрын) ҚР өзендеріндегі (Алматы, ОҚО, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола, СҚО, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, ШҚО) судың көп ағыны, сулылықтың көбеюі күтілетіні туралы 16 дауылдық ескертумен хабардар етілген болатын, сондай-ақ бұл да халықаралық стандарттар (Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ), Әлемдік банк (ӘБ) бойынша «Қазгидромет» қызметінің жоғарғы көрсеткіші болып табылады.

Жазықтық өзендер (Қазақстанның 11 су қоймасы мен 28 ірі және орташа жазықтық өзендері) бойынша 39 гидрологиялық болжамның 33 болжамы дәлелді болды. Жазықтық өзендер бойынша болжамдардың дәлелділігі 85% құрады.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, бұл су қоймаларындағы ағын су көлемі олардың бос көлемінен бірнеше есе артық болды.

Самарқанд с/қ (болжам 210 млн. м3, бос көлемі 68 млн. м3), Шерубайнұра с/қ (болжам 170, бос көлемі45 млн. м3), Кеңгір с/қ (болжам 160, бос көлемі 53 млн. м3), Астана с/қ (болжам 210, бос көлемі126 млн. м3), Шағалы с/қ (болжам 55, бос көлемі15 млн. м3), Қарағалы с/қ (болжам 250, бос көлемі119 млн. м3) және Ақтөбе с/қ (болжам 220, бос көлемі75 млн. м3).

100% ықтималдық сеніммен ешкім су тасқыны көлемін болжай алмайды.

Еуропаодағы, АҚШ пен т.б. дамыған елдерде ұзақ мерзімді болжамдар ықтималды нысанда, яғни мәндердің нақты диапазонында емес, су тасқынының туындау ықтималдығы түрінде (%) ұсынылады. Мысалы:

Су тасқыны туралы ескертулер (ықтималдылық 70% жоғары)

Су тасу туралы хабардар ету ықтималдығы (ықтималдылық 40%-дан 70% дейін) ұсынылады.

 

 

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»