Жаңалықтар

Солтүстік облыстарда қатты жаңбыр күтілуде

16 Маусым 2017

2017 жылғы 17-19 мамырға арналған ауа-райы болжамы

Белсенді циклон Еділден Қазақстанның солтүстік облыстары арқылы Батыс Сібірге қарай жылжып келеді. Сондықтан, бұл жерлерде демалыс күндері жаңбыр, қатты бұршақ, кей жерлерде екпінді жел 17-25м/с және ауа температурасы нормадан 2-5ºС төмендеуі күтілуде. Республиканың қалған аумағында осы циклондармен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай,  найзағай кезінде желдің күші 15-20м/с болып, ыстық босаңсыйды деп күтілуде.

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»