Жаңалықтар

Қазақстан аймақтарында 2017 жылғы 15 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясы

14 Шілде 2017

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман күтіледі.  Тек республиканың батыс және оңтүстігінде  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең кей жерлерінде тұман болып, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.  Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қ: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан  соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +9+11°С, күндіз +20+22°С болады. 

Алматы қ: көшпелі бұлтты,  түнде өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С болады.                                                                                                                                                                           

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»