Жаңалықтар

Гидрологиялық болжамдардыжақсарту мақсатында,ДМҰ, АҚШ және Еуропа ұлттық гидрометеолық қызметінің сарапшыларытартылды

17 Шілде 2017

2017жылғы14 шілдеде2016 жылы және 2017 жылы І жарты жылдық қорытындысы бойынша,«Қазгидромет» РМК-ның - кеңейтілген отырысы өткізілді (бұдан әрі – отырыс). ОтырысқаҚазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы(бұдан әрі –ҚР ЭМ ЭРБК) Нұрлыбаев Сәбит және Энергетика министрлімен  Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің жауапты қызметкерлері қатысты.

РМК «Қазгидромет» бас директоры Кынатов Марат экологиялық, гидрологиялық және метеорологиялық мониторингтің нәтижелерін атай отырып, гидрологиялық болжау сапасын жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы баяндады: «Бүгінгі күнге өткен ғасырдың 80-ші жылдарындағы техниканы пайдаланған болатын. 2018 жылдан бастап гидрологиялық болжамдарғаарналған жаңа үш әдістеме қолдану жоспарлануда, соның ішінде гидрологиялық болжамдарға арналған сандық модельдер.

«Біз Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым(бұдан әрі – ДМҰ) жүгіндік.Қазақстанның су тасқының болжау жұмыстарына алғаш рет ДМҰ және Еуропадағы Ұлттық метеорологиялық қызметкерлері консультативтік кеңесжәне техникалық қолдау көрсететін сарапшылары тартылды» – атап өтті М.Кынатов.

12-13 шілде күні  ДМҰ және Италияның ұлттық гидрологиялық мамандарымен бірге «Қазгидромет» РМК Есептеу орталығы және гидрология бөлімінің қызметкерлері Арыс өзені үлгісіенде  гидрологиялық болжаудың пилоттық моделін әзірлеуге кірісті.

Сондай-ақ АҚШ-тың Ұлттық су орталығының әріптестеріміз және басқада АҚШ-тың мамандандырылған ұйымдары «Қазгидромет» РМК консультативтік техникалық кеңес көрсетуде.

Отырыс барысында ҚР ЭМ ЭРБК бірлесе отырып қоршаған ортаның жоғары және өте жоғары ластануын анықтау барысында қолданылатын іс-шаралар ортаға алынды.

Сондай ақ, ҚР ЭMбекіткен,2017-2020жж «Қазгидромет» РМК жетілдіру бағдарламасымен танысты. Жетілдіру бағдарламасыэкологиялық, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингін толық жабдықталғанбақылаужелілеріменқамтамасызетугебағытталғын. Осы бағдарлама бойынша,«Қазаэронавигация» РМКбірлесіп,нақты болжамдармен қамтамассыз ету үшін, Қазақстан аумағын толық басатын,   25 метеорологиялық  радарлар орнату жоспарлануда.

 

 

 

 

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»