РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 02 қазан 2019 10:43, Изменено: 02 қазан 2019 12:07

Атмосфералық ауаның ағымдағы жағдайы туралы ақпарат енді Павлодар, Екібастұз, Петропавл және Ақтау қалаларының Led-экрандарында қол жетімді. Трансляциялау үшін мәліметтер «Қазгидромет» РМК аймақтық филиалдарымен «AirKz» мобильді қосымшасының көмегімен ұсынылып, әр үш сағат сайын жаңартылып отырады. Бұл жоба «Қазгидромет» РМК, облыстық әкімдіктер мен Led-экрандары бар жеке меншік ұйымдардың қатысуы арқылы мүмкін болды. Павлодар қаласында ақпарат Сәтпаев/Кривенко, Сәтпаев/Торайғыров, Кутузов/Естай көшелерінің қиылысында, ТЖ вокзалы ғимаратының ішінде, Екібастұз қаласында Ленина көшесінде, Ақтау қаласында 4 және 14 шағын аудандарындағы экрандарда, Петропавл қаласында оқушылар сарайының экранында трансляцияланады.

Келесі айда атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпаратты Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарының Led-экрандарында шығару болжануда. 2020 жылы Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында.