РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 03 қазан 2019 10:11, Изменено: 03 қазан 2019 11:30

Қазақстанның қоршаған ортасының жай-күйі туралы экологиялық ақпаратқа халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін, «Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасының атмосфералық ауа және су беті объектілерінің сапасы бойынша интерактивті картаны жасады.

Карталар maps.hydromet.kz сілтемесі бойынша және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында қол жетімді.

Интерактивті карталарда:

- Атмосфералық ауа сапасы бойынша «AirKZ» мобильдік қосымшасынан түсетін ақпарат ұсынылып, онда 45 елді мекенде атмосфералық ауаның ластаушы заттарының негізгі концентрациялары туралы нақты мәліметтер бекеттің құрылымына байланысты көрсетілген: шаң, РМ 10, РМ 2,5, диоксид және азот оксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді. Әр бекет бойынша «легенда» ашылып, онда әр көрсеткіш бойынша нақты концентрациялар, сондай-ақ ШЖШ (шекті жол берілген шоғыр) жоғарлану еселігі көрсетіледі. Ақпарат аралығы бір сағатта (84 автоматтық станциялар бойынша) және тәулігіне үш рет 56 қол күшімен жұмыс істейтін бекет бойынша жаңартылып отырады.

- Су беті сапасы бойынша су объектілерінің ластану деңгейі туралы ақпарат зертханалық сараптама нәтижесіне сәйкес алдыңғы айға (жасыл түс – 1 класс (таза су), күрең түс – 5 класстан жоғары (ең нашар деңгей). Ластану деңгейі тазартудың белгілі бір тәсілдері қолданылатын барлық анықталатын көрсеткіштердің ең кемі бойынша берілетінін ескеру қажет. Әрбір нүктеге «легенда» ашылады, онда ластану деңгейі мен осы деңгей берілген көрсеткіш көрсетіледі.