РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 23 қаңтар 2019 17:45, Изменено: 11 ақпан 2019 10:19

«Қазгидромет» РМК ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігінде қарастырылғандай қылмыс жасады деген күдікпен «Қазгидрометтің» басшыларының ұсталуына қатысты түсініктеме берді.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сәйкес күдікті ретінде «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Р.И. Андрианов және «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары   Н.К. Сұлтанов ұсталды.

«Қазгидромет» РМК жүргізілген тергеу іс-шараларына қолдау көрсетіп, барлық сұратылған материалдарға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуде және жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары туралы ақпараты жоқ екендігін хабарлайды.