РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 05 қаңтар 2019 04:00, Изменено: 11 қаңтар 2019 17:40

БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ

 

Астана қаласы                                                         2018 жылғы 25 қыркүйек

 

 

2018 жылғы 11-17 қыркүйек аралығында Қытай метеорологиялық Әкімшілігі (бұдан әрі – ҚМӘ) мамандары «Қазгидромет» және «ҚазАвтоЖол» мамандарымен бірлесіп, Қазгидромет және ҚМӘ арасындағы метеорологиялық ғылым және технология саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жұмыс тобының алтыншы отырысында 14-17 мамырда қол жеткізген келісімге сәйкес «Астана-Щучинск» тас жолының 102 км және 202 км 2 жол метеорологиялық станцияны орнатты және пайдалануға берді.

«Қазгидромет» РМК, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ және ҚМӘ арасындағы  2018 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол метеостанцияларын орнату жөніндегі Пилоттық жобаны енгізу туралы Келісімді жүзеге асыру шеңберінде  осы станциялар «Астана-Щучинск» тас жолының жол метеорологиялық мониторингін жүзеге асыратын болады.

Пилоттық жобаның мақсаты мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде Қазақстан жолдарында ауа райы жағдайларын болжау және метеорологиялық мониторингті дамыту болып табылады.