РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 15 мамыр 2019 17:34, Изменено: 15 мамыр 2019 18:31

  

2019 жылғы 13-14 мамыр Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне Қытай метеорологиялық әкімшілігінің (КМӘ) жұмыс сапары болып өтті. Кездесудің мақсаты Fengyun спутниктік продукциясын пайдалану бойынша метеорологиялық қызметтер арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық болып табылады. Жұмыс барысында Қазгидромет мамандары Fengyun спутнигінің жаңа продукцияларымен танысты.

Екі күннің ішінде КМӘ және Қазгидромет нәтижелі кездесулер өткізіп, спутниктік плтаформадан синоптик-инженерлер үшін жұмыс бойынша қысқаша курс-тренинг ұйымдастырды.

2014 жылдан бастап Қазгидромет fengyun спутнигінің суреттерін пайдаланады, бұл бұлттылықтың және найзағай, бұршақ, қатты нөсер жаңбыр сияқты оның күтіліп отырған ауа райы құбылыстарының дамуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.