РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 03 мамыр 2019 16:18, Изменено: 03 мамыр 2019 16:18

ҚР Энергетика вице-министрі С.Нұрлыбайдың 2019 жылғы 4 қаңтардағы хаттамалық тапсырмасын орындау үшін «Қазгидромет» РМК 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап Жайық өзені және Яик, Перетаска тармақтарында, 13 тұстамада күн сайынғы жоспардан тыс су сынамаларын алды.

2019 жылдың 21 қаңтарынан бастап «Қазгидромет» РМК жоғарыда аталған 13 тұстама бойынша жоспардан тыс су сынамаларын апта сайын алуға көшті.

Зертханалық талдау жасау су сапасының негізгі иондар, биогенді, органикалық заттар мен ауыр металдарды қоса есептегенде 41 көрсеткіш бойынша жүргізілді.

2019 жылдың 29 сәуіріндегі талдау нәтижелері қосымшада келтірілген.

https://kazhydromet.kz/upload/pagefiles/malika/справки/результаты анализа за 29.04.19.pdf

Жоғары және экстремалды жоғары ластану тіркелмеді.

2019 жылғы 29 сәуірдегі Жайық өзенінің 13 тұстамасындағы су сапасы туралы ақпарат Атырау облысының әкімдігіне жіберілді.