РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 08 ақпан 2017 18:49, Изменено: 23 тамыз 2019 14:57

 

ГИДРОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

 

КҮНДЕЛІКТІ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ БЮЛЛЕТЕНЬ №158

23 тамыз 2019 ж., жұма

             Өткен тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары бақыланды.   Шығыс  Қазақстан  облысында  жаңбыр жауды,  кей жерлерде катты. Шығыс  Қазақстан  облысының  көптеген өзендерінде (Кара Ертіс, Улбі, Бұқтарма, Тұрғысын, Оба, Күршім)  су деңгейі 0.1-0.8 м көтерілуі  бақыланды. Бұқтырма су қоймасына келіп түсетін су 578 м3/с-қа тең,  Шүлбі су қоймасына келетін бүйірлік ағын – 88.3 м3/с. Бұқтырма су қоймасынан су тасталымдар 701 м3/с дейін көбейтілді, Шүлбі су қоймасынан тасталымдар – 617 м3/с. Сырдария өзені – Көкбұлақ ГБ су ағыны 100 м3/с тең (Түркістан облысы).  Шардара су қоймасынан тасталатын су – 326  м3/с, су қоймадағы су қарқынды түрде азаюда, ондағы су көлемі 1806 млн.м3-қа тең. Қапшағай су қоймасына келіп түсетін су 615 м3/с, су қоймадан  тасталатын су –600 м3/с тең (Қапшағай ГБ бойынша), ондағы су көлемі – 16100 млн.м3-қа азайды.

        Республиканың жазық өзендерінің гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгерістер бақыланбады, жаздық сабалық кезең сақталуда.                                                                         

МАҢЫЗДЫ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРҒА БОЛЖАМ

          Алдағы  үш тәулікте республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысының таулы өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі. Жазықтық өзендердің гидрологиялық режимінде  өзгерістер күтілмейді.