РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 11 қыркүйек 2019 15:40, Изменено: 21 қыркүйек 2019 15:21

азақстан аймақтарында 2019 жылғы 22 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясы

Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік-батыстың қатты жаңбыр жауады, солтүстіктің кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, дауыл күтіледі,  бұршақ жаууы ықтимал,  жел 15-20, күндіз кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді. Павлодар облысының түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейюі күтіледі, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күіледі. Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күіледі. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20,  күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Алматы облысының Алакөл аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

              Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстанның жекелеген ауданында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.