Өрт қауіптілігін болжау

2024 жылғы 27 шілдедегі өрт қаупі туралы болжам

Циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен елдің басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен, бұршақпен және қатты желмен жаңбыр жауады, елдің солтүстік-солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі.

Күндіз  Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай  облыстарында, Түркістан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, қатты ыстық сақталады.

Күндіз  Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының соолтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Жамбыл облысының батысында өте қатты ыстық күтіледі.

 

Қызылорда,  Түркістан,  Атырау облыстарында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде,  Абай облысының оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде  жоғары өрт өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау облысының  оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Қызылорда облысының  орталығында, оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады.