Ауа райы
Нұр-Сұлтан
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Алматы
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Нұр-Сұлтан
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семипалатинск
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Орал
  • Өскемен
  • Шымкент
16.07.2020
Icon
+30 °C
  • Ауа температурасы түнде:+16+18 °C
  • Желдің жылдамдығы:3 м/с

Неблагоприятные условия загрязнения воздуха не ожидаются

17.07.2020
Icon
+31+33 °C
  • Ауа температурасы түнде:+17+19 °C
  • Желдің жылдамдығы:9-14, днем местами 15-20 м/с

Неблагоприятные условия загрязнения воздуха не ожидаются

18.07.2020
Icon
+32+34 °C
  • Ауа температурасы түнде:+20+22 °C
  • Желдің жылдамдығы:7-12 м/с
Icon
Дауылды
ескерту
Нұр-Сұлтан
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Алматы
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Нұр-Сұлтан
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семипалатинск
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Орал
  • Өскемен
  • Шымкент
  • 16.07
  • 17.07
  • 18.07
16.07.2020
Icon
+30 °C
  • Ауа температурасы түнде:+16+18 °C
  • Желдің жылдамдығы:3 м/с

Неблагоприятные условия загрязнения воздуха не ожидаются

17.07.2020
Icon
+31+33 °C
  • Ауа температурасы түнде:+17+19 °C
  • Желдің жылдамдығы:9-14, днем местами 15-20 м/с

Неблагоприятные условия загрязнения воздуха не ожидаются

18.07.2020
Icon
+32+34 °C
  • Ауа температурасы түнде:+20+22 °C
  • Желдің жылдамдығы:7-12 м/с
Icon
Дауылды ескерту

Бос жұмыс орындары

Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы Ақпараттық технология бөлімінң басшысы

Функциялар:

Бөлім басшысына бөлім жұмысына басшылық ету, ұйымдастру, бақылау және келесі қызметтер бойынша жұмысын қамтамасыз ету жүктеледі:

- филиалды өз жауапкершілік аймағы бойынша материалдық-техникалық қамтамасыз ету, филиал бойынша өндірісті ІЕ қолдау, оның ішінде аспаптарды, құрал-жабдықтарды, байланыс құралдарын, энергиямен қамтамасыз ету құралдарын, дербес компьютерлерді, серверлерді, желілік жабдықтарды, метеорологиялық станцияларды (бұдан әрі -АМС), ластануды бақылау пункттерін (бұдан әрі-ЛБП), қолданбалы және мамандандырылған бағдарламаларды және техникалық инфақұрылымды жұмысқа қабілетті күйде ұстау.

- ақпаратты және барлық ұйымды оның иелеріне немесе пайдаланушыларына зиян келтіруге әкелетін әдейі немесе кездейсоқ әрекеттерден қорғау арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бұл ретте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қауіп-қатердің салдарын жоюға емес, ең алдымен оларды болдырмауға бағытталуы тиіс.

- «Қазгидромет» РМК орталық аппаратына барлық филиал бойынша метеорологиялық және экологиялық ақпараттың түспеуі бойынша күнделікті есеп беру;

- АМ және ЛБП-да жасалған жұмыс және қайта жабдықтау туралы есепті уақытында ұсыну;

-қажеттілік туындаған жағдайда және сұраныс бойынша «Қазгидромет» РМК орталық кеңсесіне істен шыққан қосалқы бөлшектер мен жинақтауыштарды ақау актісімен бірге жіберу;

- бекітілген регламент бойынша АМС уақытынд қызмет көрсету, атап айтқанда: датчиктерді тазалау және тексеру, аккумуляторлық батареяларды және күн панелдерін ауыстыру, бекітілген регламентке сәйкес UART платасы мен даталогтер мониторингі;

- бекітілген регламентке сәйкес ЛБП уақытында қызмет көрсету, атап айтқанда: сүзгіш элементтерді тазалау/ауыстыру, кондиционерлерді аккумуляторлық батареяларды, жылыту элементтерін толтыру, инверторларды (зарядтау құрылғыларын) тазалау;

- метеопортал ресурсындағы АМС қызмет көрсету журналын уақтылы толтыру;

- АМС және ЛБП жұмысын қамтамасыз ету (жұмыс істемей тұру уақытын қыскарту), құрал-жабдықтардың ақаулығын анықтау және қосалқы бөлшектердің бар болуына қарай бөлшектер мен қосалқы бөлшектерді ауыстыруды жүргізу;

-АМС және ЛБП аспаптар құрамын ауыстыру, бағдарламалық қамтамасыз ету параметрін жаңарту және баптауларын өзгерту үшін даталоггерлерге (деректер тіркеуішке), аналогты-сандық түрлендіргіштерге қосылу және конфигурациялау;

-АМС және ЛБП байланыс (модем, GSM модуль) және деректерді тарату жүйесін баптау;

-АТД қызметкерлерінің келісімі бойынша АМС және ЛБП арнайы бағдарламаларды, деректер базасын мұрағаттау және қалпына келтіру;

- «Қазгидромет» РМК Web интерфейстерімен және ақпараттық ресурстармен жұмыс істей білу (Метеопортал, Есо Web, Гидропортал және т.б.);

- АМС және ЛБП жөндеуге, тексеруге және басқа да жұмыстарға шығу алдында ОА АТД және ӨҚД уәкілетті тұлғаларын алдын ала хабардар ету;

-өз құзіреті шеңберінде АМС, ЛБП-мен, оргтехникамен, өлшеу құралдарымен және басқа да құрал-жабдықтармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтар дайындау, техникалық қызмет көрсету кестесін құру, бөлім қызметкерлерін оқыту;

- ӨҚД және АТД келісімі бойынша бөлімнің жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту;

- АТД және ӨҚД-ның келісімінсіз филиал құрал-жабдығына, желілік инфрақұрылымына, оргтехникасына және басқа да инженерлік, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына бөгде ұйымдарды кіргізбеу және қол жетімділік бермеу;

- АТД және ӨҚД-нің келісімінсіз бөгде ұйымдарға өзінің жұмыс мен филиалдың жұмысына қатысты кез-келген нысанда ақпарат бермеу;

- АМС және ЛБП үздіксіз жұмысын және орталық серверге ақпараттың түсуін қамтамасыз ету;

- өз функционалдық міндеттеріне кіретін қызмет саласын реттейтін қолданыстағы заңнама нормаларын, стандарттарын, әдістемелік ұсынымдарды және өзге де нормативтік құжаттардың нормаларын сақтау; желілік инфрақұрылым, серверлер, ұйымдастыру техникасы, АМС және ЛБП үшін құрал-жабдықтарды, жинақтаушыларды, оргтехниканы, шығын материалдарын және басқа да негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуды уақтылы жоспарлау;

- өндірісіті метрологиялық қамтамасыз ету және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманы сақтау;

- «Қазгидромет» РМК есеп саясатына сәйкес негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды уақтылы есепке алу және есептен шығару;

- қажетті құрал-жабдықтың, жинақтаушылардың, оргтехникасының, шығын материалдарының және басқа да негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуы және болуы;

- еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтау;

- «Қазгидроет» РМК филиалы және Орталық аппараты басшылығының бұйрықтарын, жұмыс жоспарларын және тапсырмаларын функционалдық міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша орында;

- «Қазгидромет» РМК желісінде автоматты бақылау станцияларына техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2018 жылғы 2 сәуірдегі №263-Ө бұйрығын орындау;

- бөлім қызметкерлерінің біліктілік деңгейін, дағдылары мен іскерліктерін үнемі арттыру, қызметкерлердің өзара алмасуын қамтамасыз ету;

- бөлім қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу;

- заңнамада белгіленген тәртіпке сай және құзіреті шегінде Филиал және қаже болған жағдайда «Қазгидромет» РМК мүдделерін сотта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ұйымдарында түрлі мәселелерді қарау кезінде білдіру;

- заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, шағымдарын және арыздарын өз құзыреті шегінде уақытында қарау;

- өзінің құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу жүргізу үшін сатып алынатын тауарлар мен қызметтерге техникалық ерекшелікті сатып алуға техникалық сипаттама жасау;

- Филиал қызметкерлеріне және басқа да құрылымдық бөлімдеріне практикалық және теориялық көмек көрсету.

Біліктілік талаптары: жоғары-техникалық білімі және жұмыс өтілі мамандығы бойынша кемінде 3 жыл болуы керек.

Қызмет жалақысы біліктілікке және қызмет өтіліне байланысты айына 140 000 теңге.

Өтініш пен қоса берілген құжаттар:

Ақтөбе облысы, «Қазгидромет» РМК филиалы, Ақтөбе қаласы, Авиагородок 14Б тел: 8 (7132) 225429, 228673 мекен-жайына жіберілуі тиіс.

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні «13» шілде 2020 жыл

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі «17» шілде 2020 жыл

Ақтөбе облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының бос лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1. Жеке өтініш;

2. жеке бас куәлігі немесе төлқұжат (оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады);

3. Тұру куәлігі немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) немесе босқын куәлігі;

4. тиісті білім мен дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімі бар немесе кәсіптік білім алу туралы құжат;

5. еңбек қызметін растайтын құжат (жұмыс тәжірибесі бар адамдар үшін);

6. алдын ала медициналық тексеруден өту туралы құжат;

Әскери қызметке тартылатын адамдарға және әскери қызметке жататын адамдарға әскери есепке қою құжаты;

8. Фотосурет өлшемі 3x4 см 1 дана.

«Қазгидромет» РМК Павлодар облысы бойынша филиалының Гидрометеорологиялық мониторинг бөлімінің 1 санатты инженері (метеоролог) бос лауазымына хабарландыру

Міндеті:  

1. Гидрометеорологиялық бақылау өнірісінде жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге қатынасуға. Жаңа техникалық құралдар мен бағдарламалық өнімдерді пайдаланып, режимдік материалдардың өңдеуін және сараптамасын орындауға.

2. Бекітілген бақылау желідегі құрал-жабдықтардың  техникалық жағдайларын тексеруге, олардың бұзылғандығын дер кезінде кетіруге.

3. Біліктілікті көтеретін курстарға, тағлымдамаға, семинарларға қатынасуға.

4. Бекітілген бақылау желідегі жоспарланған метеорологиялық бақылауларды, Нұсқаулықтарды, басшылықтың талаптарына және т.б. нормативтік  құжаттарға сәйкес, жаңа құрал-аспаптар мен  техникалық өлшеу құралдарды пайдалануға.

5. Бекітілген метеорологиялық бақылау желідегі өлшеу құрал-аспаптардың салыстыру мерзімін қадағалауға,  пайдалануға болмайтын өлшеу құрал-аспаптарды есептен шығаруды қамтамасыз етуге.

Білуге тиісті:

1. Метеорологиялық ұйымы өндірісінің негізін (агрометеорологиялық, аэрологиялық, актинометриялық) бақылауларды білуге; бекітілген метеорологиялық бақылау желінің  құрылымы мен орнату принципін білуге, материалды сараптауға, ақпаратты тапсыратын құралдар мен арналарды білуге тиісті.

2. Гидрометеорологиялық саласындағы қолданылатын нормативтік құжаттарды білуге  және қолдануға тиісті. 

Біліктілік талаптары: жоғары білімі, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.  

Гидрометеорологиялық мониторинг бөлімі инженер 1 санатты метеорологтың лауазымдық айлық еңбек ақысы 80000-100 000 теңге, біліктілікке және жұмыс өтіліне байланысты.

Конкурсқа катысу туралы арыз бен қажетті құжаттарды төмендегі мекен-жайға жеткізу қажет: Павлодар қаласы, Естай көшесі, 54 үй,  РМК «Қазгидромет» Павлодар облысы бойынша филиалының директорының қабылдау бөлмесі, Сымт: 8 (718) 327182.

Құжаттарды қабылдау  2020 жылғы 10 шілдеде басталады

Құжаттарды қабыдлау 2020 жылғы 16 шілдеде тоқтатылады

«Қазгидромет» РМК Павлодар облысы бойынша филиалының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. жеке куәлік (оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады);

2. тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

3. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

4. түйіндеме:

5. әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін әскери есепке алу құжаты;

6. көлемі 3х4 см фотосурет 1 дана.