РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 29 қазан 2018 11:50, Изменено: 13 қараша 2018 12:45

2018 жылғы 17-18 қазанда Минск қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Гидрометеорология жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің 30-шы сессиясына (ТМД ГМК) Қазгидрометтің өкілдері қатысты.

Сессия жұмысына ТМД қатысушы мемелкеттердің – Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресесй Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның және Өзбекстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің өкілдері, ТМД Атқарушы комитетінің және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының (ДМҰ) уәкілдері қатысты.

Сессия отырысына қатысушылар ТМД елдерінің ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің жұмысы туралы, олардың ТМД және ДМҰ шеңберінде әрекеттесуі, сондай-ақ ТМД мемлекетаралық гидрометеорлогиялық жүйесі жөніндегі келісімді іске асыру туралы және 2018-2018 жылдардағы ТМД ГМК жұмысына мониторингінің нәтижесі туралы мәселелерді қарастырды.

30-шы сессияда бұдан бұрын келісілген күн тәртібі бекітіліп, гидрометеорологиялық қызмет мәселелері бойынша бірқатар шешімдер қабылданған, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Нурбацина Алия Аспандияровнаны «Құралдар, әдістер және интеграцияланған бақылау жүйелері» 1-ЖТ төрағасы етіп бекіттті.