Жаңалықтар

Синоптиктер апта соңында ауа-райы жаңбырлы болады деп болжауда

19 Сәуір 2017

2017жылғы 20-22 сәуірге арналған ауа-райы болжымы

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы тәулікте (қиыр батыс аймақтардырды қоспағанда), антициклонның ықпалымен ашық, жылы ауа-райы сақталады.

Дегенмен, 21-22 сәуірде, Ресейдің Еуропалық  бөлігінен және Оңтүстік-Каспий теңізінің жағалауынан жылжитын циклондардың және  атмосфералық  фронттар бөліктерінің  әсерінен, еліміздің көптеген облыстарында  жаңбыр  және  қатты екпінді жел соғып,  кей жерлерде желдің күші 15-25 м /с  күшейіп еліміздің оңтүстігініде найзағай күтіледі. Ауа температурасы Қазақстанның барлық аумақтарында  орташа  көпжылдық  мәндерден 3-6 ºС  жоғары болып сақталады.

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»