Жаңалықтар

Қазақстан аймақтарында 2017 жылғы 17 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясы

16 Маусым 2017

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  барлық  аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді, басым бөлігінде қатты ыстық болады. Тек  республиканың оңтүстігінде ауа райы жауын- шашынсыз болады.

Жамбыл, Ақтөбе, Солтүстік  Қазақстан, түнде Павлодар, күндіз Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облытарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.        

Күндіз Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстаноблыстарында, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Астана қ: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік бағыттан соғады күші 5-10 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +20+22°С, күндіз +33+35°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауынг-шашынсыз. Жел 0-5 м/с . Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +30+32°С болады.                                                                                                                                                                              

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»