РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 22 қараша 2018 10:10, Изменено: 22 қараша 2018 10:17

22 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді.

23-24 қарашада кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Астана қаласында 22 қарашада тұман, көктайғақ, 23-24 қарашада бұрқасын күтіледі. Таңертең және күндіз 22, тәулік бойы 23-24 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында 23-24 қарашада тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз 22, тәулік бойы 23-24 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

22 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, онтүстік-батыстан жел соғады түнде кей жерлерде, күндіз кей уақытта 15-20 м/с.

22-23 қарашада Жамбыл облысында, оңтүстік батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 22 қарашада таңертең және күндіз, 23 қарашада тәулік бойы екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қаласында 22-23 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, 22 қарашада таңертең және күндіз, 23 қарашада тәулік бойы кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

22 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман сақталады. Тәулік бойы  оңтүстік-батыстан түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін жел күшейеді.

Шымкент қаласында 22 қарашада түнде және таңертең қатты жауын-шашын күтіледі. Тәулік бойы оңтүстік-батыстан күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с дейін жел күшейеді.

Түркістан қаласында 22 қарашада оңтүстік-батыстан күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с дейін жел күшейеді.

22-23 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде батыстан 15-20 м/с, 22 қараша күндіз, 23 қарашада тәулік бойы екпіні 23-28 м/с жел күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

24 қарашада Қызылорда, Жамбыл облыстарында, күндіз 24 қарашада Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарыныда жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, жерлерде 30 м/с және аса күтіледі.