РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 01 қазан 2018 16:35, Изменено: 01 қазан 2018 16:35

Қазан айының басында салқын және ылғалды ауа массасының ағынымен тұрақсыз ауа райы күтіледі, онымен еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасының түнде 0...5 аязға дейін, күндіз 7...15 жылыға дейін төмендеуімен жауын-шашын; оңтүстік-шығыста – ауа температурасы түнде 7...12 жылы, күндіз 17...25 жылы найзағайлы жаңбыр  күтіледі.  Орта Азиядан келетін жылу Қазақстанның көптеген облыстарының тұрғындарын жылумен және шуақты күнмен қуантады. Күндіз термометр бағаны:

солтүстік бөлігінде+15…+22 °С дейін

оңтүстік бөлігінде + 23…+28°С дейін көтеріледі.

Алайда күзгі жылу қыңырлау және синоптикалық процестер тез ауысады.

Сондай-ақ, 3-4 қазан аралығындағы кезеңде еліміздің батыс өңірінде циклон әсерінен найзағайлы жаңбыр өтеді, ол ақырындап шығыс бағытта жылжиды, жауын-шашын аясы бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Қазақстанның басқа облыстарын да қамтиды.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, суықтың кезекті қарқынды толқыны үшінші онкүндіктің ортасында күту қажет, онда термометр бағаны:

солтүстік бөлігінде түнде 5...10 аязға дейін, күндіз 0...5 аязға дейін;

оңтүстік бөлігінде түнде 0...5 аязға дейін, күндіз 10...18 аязға дейін төмендейді.

Нәтижесінде, бір айдағы орташа ауа температурасы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа – норма шамасында, нормадан 1°С жоғары болады деп күтіледі. 

Жауын-шашынның айлық мөлшері Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде нормадан көп, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облысының үлкен  бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Алматы облысының кей жерлерінде норма шамасында, қалған аумақтарда – нормадан төмен болады деп болжанады.

 

Ескерту: Консультативті болжам синоптикалық жағдайдың өзгеру шамасына қарай, анағұрлым түзетулерден өтуі мүмкін.