РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 30 қараша 2018 14:53, Изменено: 04 желтоқсан 2018 11:33

Күнтізбелік қыстың алғашқы күндері еліміздің басым бөлігінде суық атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік жартысында қар жаууы, желдің күшеюі және боран, оңтүстік жартысында тұман және көктайғақ құбылыстарымен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронттардан суық антициклонның басып кіруі бұлттардың ашылуы мен ауа температурасының төмендеуіне әкеледі:

1-2 және 4-5 желтоқсан аралығында еліміздің батысында, солтүстік-батысында түнде 10....20 аяз, күндіз 5 ...10 аяз;

1-2 және 4-7 желтоқсан аралығында еліміздің солтүстігінде, орталығында және бірінші онкүндік ішінде шығыста  түнде 15....25, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендейді, күндіз 10...18 аяз;

1-3 желтоқсан аралығында оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 8....18 аяз, күндіз 2 ..10 аяз;

1-2 желтоқсан аралығында оңтүстік-батыста түнде 2...10 аяз, күндіз 2 аяз....5 жылуға дейін.

Содан кейін ендік ағындар басымдылығынан ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:

солтүстік жартысында түнде 5 ...15 дейін аяз, күндіз 0 ...5 дейін аяз.

оңтүстік жартысында түнде 0...5 дейін аяз, күндіз 2 аяз...3 жылуға дейін.

Кезекті суыту толқының біздің республика тұрғындарына Тәуелсіздік Күні мерекесіне және үшінші онкүндіктің ортасында күту тиіс, термометр бағаналары түнде солтүстік жартысында 25 ....35  аяз, оңтүстік жартысында түнде 15 ...25 аязға дейін төмендейді.

Осылайша, айлық орташа ауа температурасы Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облысының солтүстігінде және Қарағанды облысының кей жерлерінде нормадан 1°С төмен болады деп күтілуде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында нормадан 1°С жоғары, қалған аумақтарда нормаға жуық.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан аз болады деп болжануда, Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қызылорда және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде нормаға жуық,  қалған аумақта  – нормадан жоғары.

 

Ескерту: Синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам елеулі түзетулерге шыдап-төзе алады және онкүндіктік ауа райы болжамдарымен және осыдан қысқа мерзімді болжамдармен нақтыланатын болады.