РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 01 қараша 2018 14:46, Изменено: 01 қараша 2018 14:46

Алдын ала болжам бойынша қараша айында синоптикалық процесстердің жиі алмасуына байланысты күн-райы құбылмалы болып, аязды және жылы күндер алма кезек ауысып жауын-шашынды, ұйытқымалы жел соғып, жолдарда көктайғақ болады, түнде және танертен тұман күтіледі.

Бірінші онкүндіктің ортасында және соңында аяз кәдімгідей сезіледі, термометрдің бағанасы:

Солтүстік жартысында түнде 5...15 аязға дейін, күндіз 0...8 аязға дейін;

Оңтүстік жартысында түнде 0...7 аязға дейін, күндіз 0...5 жылыға дейін төмендейді.

Екінші және үшінші онкүндіктердің ортасында болжанатын екі суық толқын алдыңғыдан қарқындырақ күтіледі.

Нәтижесінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормаға жуық, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында – нормадан 1°С төмен күтіледі.

Айлық жауын-шашын мөлшері Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының солтүстік жартысында мөлшерден аз, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктері аумақтарында мөлшерден көп, қалған аймақтарда – мөлшер шамасында.

 

Ескерту: айлық консультациялық болжам, онкүндіктік ауа райы болжамдарымен және осыдан қысқа мерзімді болжамдармен нақтыланатын болады.