РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 07 ақпан 2018 17:15, Изменено: 07 ақпан 2018 17:50

 «Қазгидромет» РМК 2018ж.01.02. арналған жай-күй бойынша  консультативтік гидрологиялық болжамы 2018ж.05.02. әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға және облыс әкімдіктеріне жіберілді.

2017-2018 жылдың қысы кештеу басталып, қары аздау.

2018ж.01.02. жай-күйі бойынша қар қорының көлемі мынадай:
Қарағанды облысындағы Нұра мен Шерубай өзені бассейндерінде норма шегінде, Тоқрау, Сарысу өзені бассейндері нормадан 30-40% төмен.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының өзендерінде нормадан 20-40% төмен.

Ақтөбе  өзендерінің бассейндерінде нормадан 50-70% төмен, Батыс Қазақстан облысында 30-80% нормадан төмен.

Тау өзендерінің бассейндеріндегі қардың қоры:

•Жамбыл, Алматы облыстарында норма шегінде;
•Оңтүстік Қазақстан облысында нормадан 40-50% төмен;
•Шығыс Қазақстан облысында Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс баурайындағы тауларда, сондай-ақ Бұқтырма су қоймасы аймағының өзендерінде нормадан 20-40% төмен, Ертіс сағасының сол жағалауында 80% төмен.
         Топырақтың мұздану тереңдігі алдыңғы жылдарға қарағандағы мәні артық, бұл топыраққа ылғал қоры сүзілуінің төмендеуіне және өзен сағасы көлемінің ұлғаюы мүмкін.

         Ақпан айында қар жиналу процесі жалғасуда.
         Тұрақсыз мұз құбылыстары жағдайында өзен арналарындағы су деңгейін көтеріп, мұз үстіне шығуы мүмкін, мұндай жағдай Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде 2018 жылғы 06.02. орын алды, бұл туралы Қазгидромет қазан айында Төтенше жағдайлар департаменті мен облыс әкімдігіне алдын-ала хабарлаған болатын.
         Көпжылғы байқау деректері бойынша (30 жылдан астам) жазық өзендердегі су тасқынынан негізгі су көлемі наурыз айының үшінші онкүндігінен сәуірдің 3-іне дейін өтеді, ақпан айында қардың жаппай еруі байқалмады.

         Тау өзендерінде су тасқыны 3 кезеңде өтеді.
І кезең төментаулық (H≤1000 м) наурыз айының үшінші онкүндігінен сәуір айының үшінші онкүндігінде.
ІІ кезең ортатаулық (H = 1000 ÷ 2000 м) мамырдың 1-онкүндігінен бастап шілденің 1-онкүндігіне дейін.
III кезеңі жоғарытаулық (H≥2000 м) шілде айының екінші онкүндігінен қыркүйектің 1-ші күніне дейін.
         Қазгидрометтің бақылау желісінің метеостанциялармен және гидробекеттермен нашар қамтамасызданған себебі (Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым ұсынғандардың 30% құрайды) ылғал қорының толық көлемін бағалауға әсер етеді.

2018 жылы гидрологиялық болжамдарын әзірлеуде түбегейлі өзгерістер енгізілді. Гидрологиялық болжамдарды жасау кезінде гидрологиялық құбылыстардың ғылыми-практикалық негізі - мынадай сандық технологияларды қолданады:
         • Қазақстанның жазық өзендері бассейндеріндегі млн.м3 ылғал қорының көлемін анықтау үшін, Қазгидрометпен жер рельефінің сандық модельдерін құрды.

         • гидрологиялық болжаудың бейімделген сандық математикалық модельдер, реттелмейтін өзен ағындарына (яғни Қалқұтан, Жабайы, Сарысу Тоқырау, Оба, Үлбі су қоймаларымен өзен ағыны реттелмейтін) қолданылады.
         • NASA, EUMETSATи ГИС – технологиялары спутниктерінің ғарыштық түсірілімдерін пайдалана отырып, Қазгидромет өзен бассейндері қар жамылғысы көлемінің (%-бен) карталарын жасайды.


         Қазгидрометтің филиалдары мен ТЖД гидрометеорологиялық мониторинг станциялары есепке алмайтын жарма, шұңқыр, ағаш егетін жерлерде қардың жиналуын анықтау үшін күнделікті тексерулерді бірігіп жүзеге асырады.
         Сондай-ақ, бұрын қолданылған синоптикалық әдіс (маусымдық синоптикалық) температура  айқындылығы 23-64% құрайды, маусымдық болжау (алдын ала 4 ай) негізінде әзірленген, бұрын 40 жыл бойы пайдаланылған гидрологиялық болжамның статистикалық әдісі пайдаланылады.

Солтүстік-америкалық елдерде су тасқыны мен гидрологиялық болжам туралы ескертудің, олар  100% бақылаудың заманауи жүйелерімен жабдықталған және күтілетін сулылықты 3 күннен 7 күнге дейінгі деркезділікпен болжайтын, Еуропалық жүйесінің практикасын негізге ала отырып, Қазгидрометсу тасқыны кезеңінде негізгі гидрологиялық болжамды 2018 жылдың 1 наурызынан бастап апта сайын әр 3 күн сайынғы нақтылаумен 7 күндік деркезділікпен  ұсынатын болады.

 3 күн сайынғы жаңартулармен аптасына 7 күн
Қазгидромет жеткілікті дәлдікпен синоптикалық 7 (~ 90%) және 3 күн (~ 95%) гидрологиялық болжамдар дамытуға сапалы мүмкіндік береді деп болжап отыр.
         Су тасқынының шыңдары мен қату нөлден жоғары түнгі және күндізгі температураның тұрақты көшуіне, жауын-шашынсыз, топырақ тереңдігінің қамту аймағы бассейндерінің төзімділігіне, қар жамылғысына және т.б. байланысты болады,

Жоғарыда көрсетілген факторлардың жүйелі талдауының негізінде және Қазақстанның кең байтақ әртүрлі климаттық жағдайлары бар аумағын ескере отырып, Қазгидромет 2018 жылдың наурызынан бастап, облыстық әкімдіктерде өзен сағаларының көлемі бойынша және су қоймаларына құятын проблемалық жазық өзендер бойынша  болжамдарды ұсынуды жоспарлап отыр.