РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 29 қазан 2018 11:44, Изменено: 29 қазан 2018 11:46

Өткен демалыс күндері жауын-шашынға қарамастан, күн райы өте жылы болды. Ауа температурасының аномалиясы плюс 3…8°С, оңтүстік-шығыс және шығыста плюс 14°С дейін жетті. Циклон және онымен байланысты Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанның солтүстік облыстарына жылжыған атмосфералық фронттар онда жауын-шашын тудырады. Алдағы уақытта, республика аумағы арқылы шығысқа жылжи отырып, суық фронттар қардың жаууын, боран, көктайғақ, қатты батыс және солтүстік-батыс желін тудырады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста онымен қарға өтетін жаңбыр, таулы және тау бөктері аудандарында 31 қазанда және 1 қарашада жауын-шашын қатты жауады, сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағында күн суытады деп болжанады.