РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 05 қараша 2018 10:00, Изменено: 15 қараша 2018 11:51

2018 жылғы 30 қазанда Ашхабад, Түрікменстан қаласында, Каспий теңізінің гидрометеорологиясы және ластану мониторингісі жөніндегі үйлестіру комитетінің 3 (23) сессиясы (КАСПКОМ) өткізіліп, Каспий теңізіне шығуға ие бес мемлекет мүшелері – Әзірбайжан, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан қатысты.

Делегация өкілдері Каспий теңізінің гидрометеорологиясы саласындағы ұлттық қызметінің перспективалары мен қазіргі жағдайы туралы және теңіз қызметін гидрометеорологиялық қамтамасыз ету бойынша ұлттық қызметтің жұмысы, каспий бассейнінің мемлекеттік бақылау жүйелерінің жұмысы туралы, сондай-ақ Каспий теңізінің ғылыми зерттеулері туралы баяндама жасады.

«Арчабил» қонақ үйінің конференц-залында өткен екі күндік отырыс барысында, КАСПКОМ жұмысының және 2017-2018 жылдардағы ұлттық гидрометеорлогиялық қызметінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдар және т.б. ынтымақтастықты нығайта отырып, 2023 жылға дейінгі аралықта Каспий теңізінің гидрометеорологиясы бойынша Үкіметаралық кешенді бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша қорытындылары талқыланды.

Сессияның қорытындысы бойынша кейінгі екі жылға КАСПКОМ төрағасы және төрағаның орынбасары таңдалды. КАСПКОМ төрағасы болып Иран Ислам Республикасының Метеорологиялық қызметінің президенті, ал орынбасары болып «Қазгидромет» РМК Бас директоры таңдалды.

КАСПКОМ кезекті 4 (24) Сессиясы 2019 жылдың күзінде Иран Ислам Республикасында өтеді.