РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 09 наурыз 2017 17:38, Изменено: 14 маусым 2017 16:43

Гидрометорталықтың Агрометеорологиялық болжам басқармасы

 

            Агрометеорологиялық болжам басқармасы ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы мемлекеттік басқару органдарын және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін агрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Агрометеорологиялық қамтамасыз етубұл тұтынушыға  оперативтік және режимдік агрометеорологиялық (агроклиматтық) ақпаратты, қалыптасқан және күтелетін агрометеорологиялық жағдайлардың болжамдары мен олардың ауыл шаруашылығы дақылдарының жай-күйіне, өсуіне, дамуына және өнімділігінің қалыптасуына ықпал ету талдауын қоса, өсімдік шаруашылығындағы негізгі агротехникалық және шаруашылық іс-шаралар жүргізуді оперативті ұсыну жүйесі. Ол ауқымды пайдаланудағы мемлекеттік желінің  гидрометеорологиялық станциялары мен бекеттерінің бақылау деректеріне, үлкен алаңдарда кезеңділікпен жүргізілетін егістердің визуальды және құрал-сайманды зерттеулеріне негізделеді. Бақылау деректерін талдау және жалпылау тек уақыттың кез келген кезеңінде қалыптасқан агрометеорологиялық жағдайлар туралы мүдделі ұйымдарды хабарландыру ғана емес, қалыптасқан жағдайды сапалы бағалауды есептеуге және олардың ауыл шаруашылығы дақылдарының соңғы өнімділігіне әсерін ұсынуға жол береді. Қазіргі уақытта сандық агрометеорологиялық бағалау мен болжамдар ауыл шаруашылығын оперативті агрометеорологиялық қамсыздандырудың негізгі түрі болып табылады.  

           «Қазгидромет» РМК Агрометеорологиялық жүйесі 203 бақылау пунктінің, соның ішінде 115 метеостанцияда, 72 агрометеорологиялық бекетте және 16 автоматтық бекетте, вегетативтік кезеңде ауыл шаруашылық дақылдарың және жайылым өсімдіктерінің өсіп-өнуіне, топырақ ылғалдылығына, қысқы кезеңде – қардың биіктігіне, топырақтың қатуына, күздік дақылдардың түптену түйіні тереңдігіндегі температураға және т.б. бақылау жүргізеді.

           Жүргізілген бақылаулардың негізінде Гидрометорталықтың агрометеорологиялық болжам мамандарымен жаздық және күздік бидайдың өнімділігіне, көктемгі-дала жұмыстары басталар алдында топырақтағы өнімді ылғал қорына болжам құрастырады. Келісім шарт негізінде басқарма мамандарымен анықтама, бюллетень, кесте, шолу түріндегі мамандандырылған агрометеорологиялық ақпарат беріледі.  

           Ауыл шаруашылығына, агрометеорологияға шығын әкелетін, қолайсыз табиғи құбылыстар (құрғақшылық, үсік, нөсер жауын, бұршақ және т.б.) туындаған кезде ҚР «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес фермерлік шаруашылықтарға растаушы анықтамалар беріліп, тексеру жөніндегі  комиссияға қатысады.  

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?