РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 28 шілде 2017 14:47, Изменено: 17 қазан 2017 09:51

          Еліміздің барлық аумағында тамыз айының екінші онкүндігі жалпы жаздық дәнді дақылдар дәндерінің пісіп-толуына қолайлы жағдай жасады.

          Ақмола облысының бақылау учаскелерінде жаздық бидайдың биіктігі 48-98 см, Новомарковка МС маңайындағы аласа егістерде 37-38 см жетті. Егістердің жай-күйі жалпы жақсы, Егіндікөл және Астрахан аудандарында және Шұбарағаш АМБ маңайында қанағаттанарлық. Даму кезеңі: сүттік-балауызданып пісу, Жалтыр МС маңайында - толық пісу. Жаздық арпаның жалпы жай-күйі жақсы, Новомарковка МС маңайында нашар. Арпаның биіктігі 54-91 см жетті. Даму кезеңі: сүттік-балауызданып пісу. Новомарковка МС маңайындағы бақылау учаскілерінде арпаны жинау жұмыстарына кіріскен.

         Қостанай облысының бақылау учаскелерінде жаздық дәнді дақылдардың жай-күйі жалпы өте жақсы және жақсы, Докучаевка АМБ кейбір учаскілерінде қанағаттанарлық. Даму кезеңі: балауызданып-толық пісу. Өсімдіктің орташа биіктігі 60-95 см, Новонеженка АМБ маңайындағы егістерде бір метрден асады. Қостанай және Михайловка МС маңайларындағы жаздық арпа егістерінің жай-күйі өте жақсы. Даму кезеңі: толық пісу. Михайловка МС маңайында арпаны пішенге жинауға кіріскен, Қостанай МС маңайында бөлек жинауға кіріскен. Арпаның биіктігі 67 см жетті.

         Солтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскілерінде жаздық бидайдың жай-күйі жалпы өте жақсы және жақсы, Налобино АМБ айналасында қанағаттанарлық. Даму кезеңі: сүттік-толық пісу, Петропавловск МС айналасында бөлек участкілерінде - гүлдеу. Өсімдіктің орташа биіктігі 52-97 см жетті.

         Қарағанды облысының бақылау учаскілеріндегі жаздық бидайдың жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық, Ақжол және Нұраталды АМБ маңайларында нашар. Даму кезеңі: сүттік-толық пісу. Өсімдік биіктігі 40-71 см жетті. Жаздық арпаның жай-күйі жақсы, биіктігі 44-48 см жетті. Даму кезеңі: толық пісу, Қарағанды СХОС МС айналасында арпаны сүйретпелерге шабуға кіріскен.

         Шығыс Қазақстан облысының бақылау учаскілерінде жаздық бидайдың жай-күйі жалпы жақсы, Саратовка АМБ және Дмитриевка МС маңайында қанағаттанарлық. Даму кезеңі: сүттік-толық пісу. Ұржар МС және Новоахмирово АМБ айналасында егін жинауға кіріскен. Өсімдік биіктігі 70 см жетті.

         Павлодар облысының бақылау учаскілеріндегі жаздық бидайдың биіктігі орташа 54-72 см аралығында болды, Михайловка МС маңайында      28 см. Өсімдіктердің жай-күйі жалпы қанағаттанарлық, Федоровка МС маңайында нашар. Даму кезеңі: сүттік-толық пісу. Жаздық арпаның жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық, биіктігі 31-60 см жетті. Даму кезеңі: сүттік-толық пісу.  

         Батыс Қазақстан облысында жаппай жаздық дәнді дақылдарды жинау жалғасуда.

         Ақтөбе облысының бақылау учаскілерінде жаздық бидайдың жағдайы жалпы жақсы және қанағаттанарлық. Өсімдік биіктігі 46-73 см жетті. Даму кезеңі: балауызданып-толық пісу. Жаздық арпаның жай-күйі жалпы қанағаттанарлық, Қарабұлақ МС маңайында нашар. Даму кезеңі: балауызданып-толық пісу. Өсімдік биіктігі: 37-54 см жетті. Жаздық дәнді дақылдарды жинау жалғасуда.

         Алматы облысының бақылау учаскілерінің тау бөктердегі аудандарында жай-күйі жаппай жақсы. Өсімдік биіктігі 67-98 см жетті. Даму кезеңі: сүттік-балауызданып пісу.

         Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында қолайлы метеорологиялық жағдайлар жылу сүйгіш дақылдардың өсіп-өнуіне, агротехникалық іс-шараларды (суару, мақта сабақтарының ұшын қырқу) және жеміс-жидек дақылдарының жинау жұмыстарына жәрдемдесті. Өсімдік жай-күйі жақсы. Күріш алқаптарынан суды жіберуге, жүгеріні сүрлемге, сондай-ақ картопты жинауға кіріскен.

         Еліміздің оңтүстік бақылау учаскілерінде жоңышқаның жағдайы жалпы жақсы, екінші шабу жалғасуда.

        Тамыз айының екінші онкүндігінде мал шаруашылық аймақтарында онкүндіктің бірінші жартысында әдеттігіден салқын ауа-райы басым болды, Жамбыл және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында жауын-шашын жауған.

        Малды бағу барлық малшаруашылық аймақтарда жүргізілді. Жайылымдар мен табиғи шалғындықтарда шөпті жинау, сондай-ақ еліміздің оңтүстік-шығыс, батыс және оңтүстік-батысында мал азықтарын қыстақтарға жеткізу жалғасуда.

        Шалғындықтардың жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық, Алматы облысында (Ассы МС, Аул № 4 МС) шалғындықтар мен жайылымдардың жай-күйі өте жақсы.

        Қарағанды облысының Шет ауданында және Қызылорда облысының Шиелі ауданында онкүндіктің соңғы күні шөптер біршама немесе малмен тапталмаған, басқа мал шаруашылығы аймақтарында жайылымдар біршама және орташа жайпалған, шалғындықтар орташа тапталған. Шымның жай-күйі құрғақ.