РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 28 шілде 2017 14:47, Изменено: 17 тамыз 2017 14:42

           Еліміздің оңтүстік-шығысының күздік бидай егетін аудандарында егін жинау жұмыстары жалпы аяқталды, ал Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл Т. Рысқұлов МС айналасындағы  бақылау учаскілерінде жалғасуда.

          Тамыз айының бірінші онкүндігінде жаздық дәнді дақылдардың  дәнденуіне және дәннің толық пісуіне жалпы қанағаттанарлық жағдай қалыптасты.

          Ақмола облысының бақылау учаскелерінде жаздық дәнді дақылдардың биіктігі 50-94 см жетті, аласа бойлы егістіктер Новомарковка МС айналасында 37-38 см. Егістердің жай-күйі жалпы жақсы, Егіндікөл, Жақсы, Жалтыр МС және Шұбарағаш АМБ маңайының кей жерлеріңде қанағаттанарлық. Даму кезеңі: гүлдену-балауызданып пісу, Жалтыр МС маңайындағы жеке учаскілерде – толық пісу. Алтынды АМБ айналасындағы бақылау учаскелеріндегі жаздық бидай егістігінде арамшөптерге қарсы гербицидтермен өңдеу жұмыстарына кірісті. Жаздық арпаның жай-күйі барлық жерде жақсы. Даму кезеңі: сүттену - балауызданып пісу, Новомарковка МСмаңайындағы  егістіктерде – толық пісу.

         Қостанай облысының бақылау учаскілерінде жаздық дәнді дақылдардың жай-күйі жалпы жақсы, Докучаевка АМБ маңайында қанағаттанарлық. Даму кезеңі: гүлдену-балауызданып пісу, Раздольное АМБ маңайындағы  егістіктерде – толық пісу. Өсімдіктің орташа биіктігі 61-96 см, Новонеженка АМБ маңайында егістіктердің биіктігі бір метрден асады.

         Солтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскілерінде жаздық дәнді дақылдардың жай-күйі өте жақсы және жақсы, Налобино АМБ маңайындағы егістіктер қанағаттанарлық. Даму кезеңі: гүлдену-балауызданып пісу. Өсімдіктің орташа биіктігі 54-91 см жетті, Мамлютка ауданыңда бір метрден асады.

         Қарағанды облысының бақылау учаскілеріндегі жаздық дәнді дақылдардың жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық, Ақжол және Нұраталды АМБ маңайында нашар, ондағы егістіктерді арам шөппен басу байқалуда. Даму кезеңі: сүттене - балауызданып пісу. Өсімдіктің биіктігі 40-77 см жетті.

         Шығыс Қазақстан облысының бақылау учаскілерінде дәнді дақылдардың жай-күйі жалпы жақсы, Саратовка, Первороссийское АМБ және Дмитриевка МС маңайында қанағаттанарлық. Даму кезеңі: сүттену - балауызданып пісу, Секисовка АМБ айналасындағы егістіктерде – гүлдеу. Өсімдік биіктігі 64-80 см жетті.

         Павлодар облысының бақылау учаскілерінде жаздық дәнді дақылдардың биіктігі 45-69 см аралығында орташа ауытқиды. Дақылдардың жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық, Федоровская МС айналасында нашар. Даму кезеңі: сүттену – толық пісу, кей алқаптарда (Панфилово, Розовка және Федорвка) – гүлдеу.

         Батыс Қазақстан облысының барлық жеріңде жаздық дәнді дақылдарды жинау жұмыстарына кірісті.

         Ақтөбе облысының бақылау учаскілерінде жаздық бидайдың жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық. Даму кезеңі: сүттену-толық пісу. Бидайдың орташа биіктігі 45-68 см жетті. Жаздық арпа: толық пісу кезеңінде, жинау жұмыстарына кіріскен.

         Алматы облысының бақылау учаскілерінде жаздық бидайдың жай-күйі жалпы жақсы. Даму кезеңі: гүлдеу-сүттене пісу, Қырғызсай МС маңайында – толық пісу. Өсімдік биіктігі 60-95 см жетті. Жаздық арпаны жинау жұмыстарына кіріскен.

        Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының бақылау учаскілерінде арпаны жинау жұмыстары аяқталды.

        Жылу сүйгіш дақылдардың жай-күйі жалпы жақсы, кей жерлерде өте жақсы. Жүгеріні, мақтаны және күрішті вегетациялық суару жұмыстары жалғасуда.

        Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарының картоп егілген бақылау учаскілерінде: гүлдеу - гүлдеу кезеңінің соңы, кей жерлерде – сабақтың солуы байқалады. Сабақтың орташа биіктігі 42-75 см аралығында. Картоп отырғызылған алқаптардағы бір түптің орташа саны      6-14 дана түйнекті құрайды.

        Алматы қаласының Каменское плато МС маңайындағы жеміс дақылдарының (алма ағашы) жай-күйі нашар және өте нашар. Алматы облысының Есік МС маңайындағы алма бақтарында алманы жинау жалғасуда.

       Оңтүстік облыстардағы бақылау учаскелерінде жоңышқаның жай-күйі жалпы жақсы, шөпті 2-ші шабу жалғасуда.

       Павлодар облысының бақылау учаскелерінде еркек шөптің жай-күйі жалпы қанағаттанарлық, Федоровская МС маңайында нашар. Даму кезеңі: дәннің пісуі. Жалпы облыс бойынша еркек шөптің малмен тапталуы жалғасуда.

       Тамыз айының бірінші онкүндігінде барлық мал шаруашылығы аймақтарында жылы ауа-райы басым болды, жеке күндері ыстық ауа-райы, жауын-шашын жаумаған немесе шамалы жауған, шығыс және оңтүстік-шығыста, батыс және орталықтың кей аудандарында жауын-шашын жауған.

       Өткен онкүндікте барлық мал шаруашылығы аймақтарында мал бағу жүргізілген. Алматы (Ассы, Аул №4 МС) және Солтүстік Қазақстан (Кішкенекөл) облыстарының жайылымдары мен шалғындықтарында шөптің өте нашар жай-күйі байқалған, басқа аймақтарда жақсы және қанағаттанарлық.

       Жайылымдар біршама және орташа жайпалған, шабындық шөп орташа тапталған, Қызылорда облысының Шиелі ауданында және Қарағанды облысының Шет ауданында шабындықтар малмен тапталмаған. Шымның жағдайы жаппай құрғақ.

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?