РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 05 мамыр 2018 11:50, Изменено: 10 мамыр 2018 17:35

Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында күздік бидайдың өсіп-өнуіне жалпы қолайлы жағдай байқалды. Жауған жауын-шашын өсімдіктердің өсуіне және топырақта ылғалдың сақталуына себеп болды.

Алматы облысының бақылау учаскелеріндегі күздік бидай: түптену – сабақ түйінің пайда болу кезеңінде. Өсімдік биіктігі жалпы 6-13 см, Талдықорған және Шымкент МС маңайында 30-82 см. Жалпы егістердің жай-күйі жақсы және өте жақсы, Талдықорған МС айналасында қанағаттанарлық.

Жамбыл облысының бақылау учаскілеріндегі күздік бидай: түптену – сабақ түйінің пайда болу кезеңіне жетті. Өсімдік биіктігі 15 см 27 см жетіп, жалпы егістердің жай-күйі жақсы, Құлан МС айналасында қанағаттанарлық.

Оңтүстік Қазақстан облысында күздік бидай: сабақтану-төменгі сабақ түйінінің пайда болу, Шымкент МС маңайындағы егістерінде- масақтану кезеңінде. Өсімдік биіктігі 13-17 см, Шымкент МС айналасында 80 см жетті.

Сәуір айының үшінші онкүндігінде республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында байқалған жаңбыр аралас жылы ауа-райы жаздық дәнді дақылдардың себуін аяқтауға қолайлы болды.

Алматы облысының бақылау учаскілерінде онкүндік бойы ерте себілген жаздық арпа егістерінде: дәннің өсу-тамыр түйінің пайда болу кезеңі байқалған. Өсімдік жай-күйі жақсы және өте жақсы болып бағаланған. Өсімдік биіктігі - 11 см құраған. Жаздық бидай егістерінде: 3-ші жапырақ – тамыр түйінің пайда болуы байқалған, өсімдік жай-күйі жақсы.

Жамбыл облысының бақылау учаскілеріндегі жаздық арпаның жай-күйі жаппай жақсы. Өсімдік биіктігі 13-34 см құрайды. Даму кезеңі: дәннің өсу-түптену. Нұрлыкент МС маңайында жаздық арпаны себу жалғасуда.

Оңтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскілеріндегі жаздық арпа егістерінде: көктеу-түптену кезеңі байқалады, өсімдік жай-күйі жалпы жақсы. Өсімдік биіктігі 13 см жетті.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында жаздық арпа егістерінде: тамыр түйінің пайда болу-түптену кезеңінде, өсімдік жай-күйі жақсы. Өсімдік биіктігі 10 см, арам шөптің пайда болуы байқалған.

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы бақылау учаскелерінде егіс алдындағы топырақты дайындаудан кейін, жаздық бидайды себуге кіріскен.

Солтүстік, батыс облыстарда және еліміздің орталығында көктемгі егін егу жұмыстарына, малалау мен сүдігер жыртуға кіріскен.

Оңтүстік облыстарда жылу сүйгіш дақылдарды (қант қызылшасы, күріш, мақта, жүгері дәнге) егу жалғасуда. Егістердің сапасы жақсы.

Жеміс дақылдарының бақтарында (алма, алмұрт, құлпынай) даму кезеңі: гүлшоғырының пайда болу-гүлдеу соңы, шиеде – жемістердің қалыптасуы. Жалпы жеміс дақылдарының жай-күйі жалпы жақсы. Алматы облысының Есік МС маңайындағы алма бақтарында ағаштар мен бұталарды ақтауға кіріскен.

Республикамыздың оңтүстік аймақтарында көпжылдық шөптерде (жоңышқа, эспарцет, беде): сабақтың өсу-гүлдеу кезеңі байқалған. Бақылау учаскелерінде шөптің жай-күйі жалпы жақсы, кей жерлерде қанағаттанарлық. Оңтүстік Қазақстан облысының Байырқұм АМБ айналасында жоңышқаны вегетациялық суаруға кіріскен.

Батыс Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде беденің жай-күйі қанағаттарлық, вегетацияның қайта басталу кезеңі байқалады.

Қарағанды облысының бақылау учаскелеріндегі еркек шөптің жай-күйі жалпы жақсы, Корнеевка МС айналасында қанағаттанарлық. Даму кезеңі: вегетацияның қайта басталуы.

Павлодар облысының бақылау учаскелердегі еркек шөптің жай-күйі жалпы қанағаттанарлық, Андриановка АМБ, Федоровская МС маңайында нашар және Лозовая МС айналасындағы шөптің жай-күйі өте нашар. Жаппай облыс бойынша шөптің малмен зақымданғаны байқалған (малмен тапталу).

Сәуір айының үшінші онкүндігінде мал шаруашылығы жайлымдарының басым бөлігінде орташа онкүндік температура нормаға жақын болып, жауын-шашын әртүрлі қарқынмен жауған.

Өткен онкүндікте барлық мал шаруашылығы жайылымдарында мал далада бағылады.

Мал шаруашылығында төлдеу кампаниясы, мал шаруашылығы іс-шаралары   жалғасуда.

Мал шаруашылығы жайылым бекеттерінің басым бөлігінде шалғындықтар мен жайлымдардың жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық.

Жайылымдар орташа және шамалы малмен тапталған. Қарағанды облысының Шет ауданында жайылымдар малмен тапталмаған.

Шымның жай-күйі жалпы құрғақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында және Қостанай облысының Арқалық ауданында шым дымқыл болған.