РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 26 желтоқсан 2016 02:27, Изменено: 03 шілде 2017 11:03

«Қазгидромет» РМК, бюджеттік «Қоршаған орта жай-күйін бақылау» 100 ішкі бағдарлама аясында Каспий теңізінің Қазақстандық секторында атмосфералық ауа, теңіз суы, топырақ және түптік шөгінділер сапасы, радиациялық фон мониторингісін жүргізіледі.

 

1. Атмосфералық ауа мониторингісі жүргізіледі:

- «Морпорт Ақтау» АЭА ауданында 1 бекетте. 8 ластаушы заттар анықталады: 1) қалқыма бөлшектер, 2) күкірт диоксиды, 3) ерігіш сульфаттар, 4) көміртегі оксиды, 5) азот диоксиды, 6) аммиак, 7) күкірт қышқылы, 8) жалпы көмірсутегі.

Сонымен қатар экспедициондық зерттеу арқылы 7 кен орында мониторинг жүргізіледі:

- Атырау облысы аумағында 5 кен орнында (Жанбай, Забурунье, Мақат, Қосшағыл, Доссор. 6 компонет анықталады: 1) қалқыма заттар, 2) күкірт диоксиды, 3) көміртегі оксиды, 4) азот оксиды, 5) аммиак, 6) күкіртсутегі.

- Маңғыстау облысы аумағында 2 кен орында (Дунга, Жетібай). 8 компонент анықталады: 1) қалқыма заттар, 2) күкір диоксиды, 3) азот оксиды, 4) күкірт оксиды, 5) азот диоксиды, 6) аммиак, 6) күкіртсутегі, 7) жалпы көмірсутегі.

 

2. Теңіз суы жай-күйінің мониторингісі

Каспий теңізі суы сапасының жай-күйін бақылау 64 нүктеде жүргізіледі, оның 34 нүктесі ғасырлық кескіндер, 23 нүкте – жағалаулық, 7 нүкте кен орындарында орналасқан.

- «Табиғат» кемесі көмегімен Солтүстік және Орталық Каспий айдынында теңіз суының сапасын анықтау үшін сынама 46 нүктеден алынады, соның ішінде:

Солтүстік Каспий:  2 жағалаулық санцияда (теңіз кемесі жүретін су арнасы (2), Жайық өзені қайраңы (5); 1 кен орыны  (Теңіз кен орны (5); 10 ғасырлық кескіндер станциясы (Шалығи Құлалы шығанағы аралдары (7), «А» және «Б» қосымша кескіндері (9), Қаламқас (1), Дархан (1), Кұрманғазы (1), в су басқан ұңғымалар ауданы (3), Құлалы аралы ауданы (3).

Средний Каспий: Маңғышлақ-Шешен аралы (3), Құмды-Дербент (3), Кендірлі-Дивичи (3),

Теңіз суының сапасы 45 көрсеткіщ арқылы анықталады:  1) температура, 2) су лайлылығы, 3) сілтілік, 4) сутегі көрсеткіші, 5) меншікті электөткізгіштік, 6) өлшенген заттар, 7) құрғақ қалдық, 8) Оттегіні химиялық тұтыну, 9)қаттылық, 10) суда еріген оттегі, 11) % оттегімен канығу, 12) хлоридтар, 13) сульфаттар, 14) гидрокарбонаттар, 15) кальций, 16) магний, 17) минералдану, 18) ОБТ5, 19) тұзды аммоний , 20) нитритті азот, 21) нитратты азот, 22) жалпы азот, 23) фосфаттар, 24)  жалпы фосфор, 25) жалпы темір, 26) кремний, 27) ұшқыш фенолдар, 28) натрий, 29) калий, 30) мұнайөнімдері, 31) анионды беткі белсенді заттар, 32) қорғасын, 33) мыс, 34) мырыш, 35) жалпы  хром, 36) хром (6+), 37) хром (3+), 38) фторидтар, 39) бор, 40) сынап, 41) кобальт, 42) никель, 43) марганец, 44) күкіртті сутек, 45) кадмий.

Сонымен қатар Орталық Каспий жағалаулық нүктелерінде сынамалар алу және талдау жүргізіледі:

- Маңғыстау облысында сынамаларды алу 18 нүктеде жүргізіледі, оның ішінде: 7 жағалаулық станция (Форт-Шевченко (1), Фетисово (1), Қаламқас (1), «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ жағалаулық бөгет айдынында (3), Құрық к. ауданы (3), Орталық және Оңтүстік Каспийдың шекаралық аймағы (Адамтас шамшырағы (3), Арнайы экономикалық аймақтағы (АЭА) 4 бақылау нүктесі, «Ақтау теңіз порты», 2 кен орындары (Қаражанбас (1) және Арман (1).

Теңіз су сапасы 28 көрсеткіш арқылы анықталады::  1) температура, 2) су тегі көрсеткіші, 3) өлшенген заттар, 4) құрғақ қалдық, 5) еріген оттегі, 6) сульфаттар, 7) ОБТ5, 8) тұзды аммоний, 9) нитритті азот, 10) нитратты азот, 11) жалпы азот, 12) фосфаттар, 13) анионды беткі белсенді заттар, 14) ОХП, 15) минералдану, 16) карбонаттар, 17) жалпы темір, 18) фенолдар, 19) мұнайөнімдері, 20) кальций, 21) магний, 22) қорғасын, 23) мыс, 24) никель, 25) цинк, 26) хром (6+), 27) марганец, 28) хлоридтар.

 

3. Топырақ жай-күйінің мониторингісі жүргізіледі:

- Атырау облысы аумағында 5 кен орында (Жанбай, Забурунье, Мақат, Қосшағыл, Доссор), жылына 2 рет (көктем және күзде). 6 көрсеткіш анықталады: 1) мұнайөнімдері, 2) мыс, 3) кадмий, 4) қорғасын, 5) мырыш, 6) хром (6+);

 - Маңғыстау облысы аумағында 4 кен орында (Дунга, Жетібай, Қаражанбас, Арман) және АЭА порт айдыныда 10 нүктеде, жылына 2 рет (көктем және күзде). 7 көрсеткіш анықталады: 1) мұнайөнімдері, 2) мыс, 3) никель, 4) қорғасы, 5) мырыш, 6) хром (6+), 7) марганец.

 

4. Түптік шөгінділер мониторингісі жылына 2 рет жүргізіледі (көктем және күзде):

- Атырау облысында түптік шөгінділер сынамасын алу 46 нүктеде жүргізіледі, соның ішінде: 2 жағалаулық станцияда (теңіз кемесі жүретін су арнасы (2), Жайық өзені қайраңы (5)); 1 кен орны  (Теңіз кен орны (5)); 10 ғасырлық кескіндер станциясы (Шалығи-Құлалы шығанағы аралдары (7), қосымша «А» және «В» кескіндері (9), Маңғышлақ-Шешен (3), Құмды-Дербент (3), Кендірлі-Дивичи (3), Қаламқас (1), Дархан (1), Құрманғазы (1), су басқан ұңғымалар ауданы (3), Құлалы аралы ауданы  (3). 8 көрсеткіш анықталады: 1) мұнайөнімдері, 2) мыс, 3) хром (6+), 4) кадмий, 5) никель, 6) марганец, 7) қорғасын, 8) мырыш.

- Маңғыстау облысында сынама алу 24 нүктеде жүргізіледі, соның ішінде:  7 жағалаулық станцияда (Форт-Шевченко (1), Фетисово (1), Қаламқас (1), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жағалаулық бөгет айдынында  (3), Құрық к. ауданы (3), Орталық және Оңтүстік Каспийдың шекаралық аймағы (Адамтас шамшырағы (3), "Морпорт Актау" Арнайы экономикалық аумақ (АЭА) айдынында 10 нүктеде); 2 кен орында (Қаражанбас (1), Арман (1)). 7 көрсеткіш анықталады: 1) мұнайөнімдері, 2) мыс, 3) хром (6+), 4) никель, 5) марганец, 6) қорғасын, 7) мырыш.

 

5. Радияциялық фон мониторингісі

- Маңғыстау облысының Қошқар-Ата қалдық қоймасы  аумағында айсайын экспозициялық мөлшер қуаттылығы (ЭМҚ) гамма-сәулеленуіне  өлшеулер жүргізіледі.