РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 08 ақпан 2017 18:45, Изменено: 24 сәуір 2018 13:05

№ 76, Гидрометеорологиялық ақпарат

қамтитын: ауа темпреатурасы туралы мағлұматты, желді, және қар жамылғысының биіктігі бойынша 24-сәуірге 2018 ж.

 

Шолу

Өткен тәулікте жауын-шашын, жаңбырлы түрде Батыс Алтайдың кей жерлерінде бақыланды, басқа таулы аймақтарда жауын-шашын болған жоқ. Тауда барлық жерде жоғары температура фоны сақталады. Қар жамылғысының еруі және төмен түсуі жалғасып жатыр. Қар жамылғысы Батыс Алтай тауында айтарлықтай сақталып тұр (1700 м жоғары биіктік аймақта) және республикамыздың оңтүстік пен оңтүстік-шығыс биік таулы аудандарында (2800 м жоғары биіктік аймақта). Көптеген таулы аймақтарда тірек станцияларындағы қар жамылғысы еріп кетті, қар жамылғысы туралы ақпарат Іле Алатауының биік таулы аймақтық станциясынан ғана түседі. Осыған орай РМК «Қазгидромет» Гидрология Департаментінің таулы өзендерді бақылау және болжау бөлімі 2017-18 жылғы қыс мерзіміндегі гидрометеорологиялық ақпарат шығаруын тоқтады.

 

25- сәуір 2018 ж. Таулы аудандарға ауа-райы болжамы

 

Іле Алатауы , Жетісу Алатауы – жаңбыр, кей уақытта қатты, биіктаулы аймақта жауын-шашын;

ауа температурасы:           

2000 м биіктікте түнде 7-9°, күндіз 10-12° жылы.

3000 м биіктікте түнде 0-2° жылы, күндіз 1-3° аяз.

Қырғыз Алатауы –  түнде жаңбыр, кей жерде қатты;    

ауа температурасы: түнде  7-12°, күндіз 12-17° жылы.

Талас Алатауы –  жаңбыр, түнде және таңертең қатты; 

ауа температурасы: түнде 5-10°, күндіз 5-10° жылы.              

Батыс Алтай–  түнде кей жерде жаңбыр, күндіз жаңбыр;

ауа температурасы: түнде 10-15°, күндіз 13-18° жылы.

Тарбағатай жот. – түнде кей жерде жаңбыр, күндіз жаңбыр; 

ауа температурасы: түнде 10-15°,  күндіз 15-20° жылы.