РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 08 ақпан 2017 18:49, Изменено: 18 қазан 2017 15:26

 

КҮНДЕЛІКТІ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ БЮЛЛЕТЕНЬ N 197

18 қазан 2017 ж., сәрсенбі

      Өткен тәліктерде Тоқтағұл қоймасынан су тасталымдар 310 м3/с-тен 412 м3/с-қа дейін жоғарылатылды, ондағы су көлемі 19440 млн м3-қа дейін азайды. Қайраққұм су қоймасындағы су тасталым 820 м3/с, су қоймасындағы су көлемі жобалық шамалардан жоғары. Сырдария өзеніндегі Көкбұлақ ГБ-де су өтімі 750 м3/с дейн азайды, Шардара су қоймасынан су тасталымдар 1130 м3/с (Шардара ГБ мәліметтері бойынша), су қоймасында су көлемінің төмендеуі жалғасты, ондағы су көлемі 1036 млн. м3-қа дейін қысқарды,  яғни   алдыңғы  жылдың  осы күнінен 271 млн. м3 төмен. Сырдария өзенінде Қызылорда облысы  аумағында Шардара су қоймасынан тасталымдардың жоғарылауына байланысты су деңгейлерінің көтерілуі жалғасуда. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыстың жекелеген өзендерінде сулылықтың ауытқуы тіркелген. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасына келіп түсетін су-513  м3/с-ке төмендеді, тасталатын су-335 м3/с (Қапшағай ГБ  мәліметтері бойынша) , су көлемі 16800 млн. м3 дейін жоғарылатылды. Ертіс өзенінде Бұқтырма су қоймасына келіп түсетін су 344 м3/с төмендесе, Шүлбі су қоймасына бүйірлік су – 136 м3/с жоғарылады. Қазақстанның басқа су объектілерінің гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.

МАҢЫЗДЫ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРҒА БОЛЖАМ

        Алдағы тәулікте Шардара су қоймасына келіп түсетін су мөлшерінің көбеюі сақталады. Шардара су қоймасынан тасталатын  су мөлшерінің көбеюіне байланысты Қызылорда территориясындағы Сырдария өзенінде су деңгейінің жоғарылауы жалғасады. Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың, шығыстың жекелеген өзендерінде сулылықтың ауытқуы күтіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?