РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 08 ақпан 2017 18:45, Изменено: 15 желтоқсан 2017 13:05

 

КҮНДЕЛІКТІ ҚАРКӨШКІН БЮЛЛЕТЕНІ № 92

15 желтоқсан  2017 ж.

 

Қаркөшкін жағдайына шолу

      Өткен тәулікте Қазақстанның таулы аудандарында жауын-шашын болған жоқ. Қар қалыңдығының тұрақты болуы одан әрі жалғасып жатыр. Республикамыздың шығысында температура фоны 31° аязға дейін төмендеді; оңтүстік-шығыста 5-11° шамасында аязды ауа-райы сақталады; оңтүстікте күндізгі әлсіз жылымықтар байқалады. Боран және желдің күшеюі бақыланған жоқ. Желтоқсан айының ортасына тірек станцияларындағы қардың биіктігінің  нормасы % құрайды:

Батыс Алтай

 

11-88 %

Тарбағатай жот.

 

10 %

 Жетісу Алатау

 

56-73 %

Іле Алатауы                        <

аласа таулы зона

74-86 %

биік таулы зона

32%

Қаратау жот.

 

70 %

Талас Алатауы

 

74 %

Қаркөшкін жағдайы алаңсыз күйде қала береді. Көшкін пайда болуына себеп жоқ.

Қаркөшкін жағдайына болжам

      15-20 желтоқсан аралығында Қазақстан таулы аймақтарында өздігінен болатын қаркөшкіндері күтілмейді. Қар көшкінін жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады.  Тауда абай болыңыз.

 

16 желтоқсан 2017 ж. Таулы аудандарға ауа-райы болжамы

Іле, Жетісу Алатауы – жауын-шашынсыз;

ауа температурасы:                

2000 м биіктікте түнде 6-8°, күндіз 1-3° аяз.

3000 м биіктікте түнде 10-12°, күндіз 4-6° аяз.

Қырғыз Алатауы – жауын-шашынсыз;

ауа температурасы: түнде 12-17°, күндіз 0-5° аяз.

Талас Алатауы – жауын-шашынсыз;

ауа температурасы: түнде 6-11°, күндіз 2° аяз- 3° жылы.              

Батыс Алтай  – жауын-шашынсыз;

ауа температурасы: түнде 25-30°, күндіз 15-20° аяз.

Тарбағатай жот.– жауын-шашынсыз;

ауа температурасы: түнде 25-30°, күндіз 10-15° аяз.