РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 28 наурыз 2017 11:05, Изменено: 11 сәуір 2017 11:58

       Қазақстан Республикасы Энергетика министрілігі “ҚАЗГИДРОМЕТ”  шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы  Филиал аумағында орналасқан төмендегі тізбедегі  гидрометеорологиялық жүйенің бақылау жүйесін әдістемелік басқарумен шұғылданады.

  • Метеорологиялық стансалар – 14
  • Гидрологиялық бекеттер – 27
  • Агрометеорологиялық бекеттер – 5
  • Қар өлшеу бағыттары – 3
  • Автоматтандырылған метеорологиялық стансалар 6
  • Қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргізетін автоматтандырылған бекеттер 6
  • Атмосфералық ауаның ластануына  ластануына бақылау жүргізетін бекет 4.

  Қазақстан Республикасы Энергетика министрілігі “ҚАЗГИДРОМЕТ”  шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы   Ұлттық бірегей  гидрометқызметтің Оңтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласы аумағындағы гидрометеорологиялық құбылыстар мен қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргізуді ұйымдастырушы және орындаушы  арнайы  уәкілетті органы болып табылады.

Облыстық гидромет қызметтің қысқаша  тарихи анықтамасы.

 

  • 1882 ж. – Түркістан қаласындағы метеорологиялық станса ашылуы
  • 1906 ж. - Тасарык (Блинково) метеорологиялық стансаның ашылуы
  • 1936 ж. – Шымкент қаласында Қазақстан ССР-ның  гидрометеорологиялық қызметінің  Шымкент қаласындағы бюросының құрылуы.
  • 1988 ж. - Шымкент қаласындағы гидрометеорологиялық  обсерваториясының ашылуы..
  • 1999 ж. – «Қазгидромет» РМК "Оңтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығы " еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып қайта  құрылуы
  • 2012 г.- «Қазгидромет» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы болып қайта  құрылуы

Ақпараттар түсу көздері

 

Гидрометеорологиялық және қоршаған ортаның ластануы туралы ақппараттар түсу көзі бақылау жүйесі болып табылады.  14 метеорологиялық стансаларлардан, 27 гидрологиялық бекеттерден, 5 агрометеорологиялық бекеттерден 3 қар өлшеу бағыттарынан,  6 автоматтандырылған метеорологиялық стансалар мен  6 қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргізетін автоматтандырылған бекеттерден, 4 атмосфералық ауаның ластануына  ластануына бақылау жүргізетін бекеттер және байланыс торабы.

 

Қызметтері мен міндеттері :

  • Метеорологиялық , аэорологиялық , актинометриялық , гидрологиялық , агрометеорологиялық , радиометриялық бақылауларын өңдеу .
  • Шымкент қаласы ауа алқабының ластануын және филиал қызметінің аумағында орналасқан өзен суларының беткейін және суаттарын барлауды жүзеге асыру.
  • Шымкент қаласы және облыс бойынша ауа- райының қауіпті және күтпеген гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуын ескерту.
  • Тұтынушыға болжамдық , нақты және арнайы ақпараттармен гидрометеорологиялық қызмет көрсету ;
  • Қар қоры туралы гидрологиялық болжамдардың құрылуы ;
  • Күтпеген апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болу мүмкіндігі туралы ескерту ;
  • Қысқа мерзімді , ұзақ мерзімді метеорологиялық , гидрологиялық , агрометеорологиялық , ауа алқабының ластануына себепші болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайларының болжамдарын құрастыру .
  • ОҚО бойынша қоршаған орта мониторингін және гидрометеорологиялық бақылауларын жүйелі түрде жүргізу;
  • Республикалық қорды гидрометеорология және қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметпен қамтамасыз ету .
  • ҚР- ң энергетикасын , ауыл шарушылығын және экономиканың басқа салаларын мамандандырылған гидрометеорологиялық  мәліметтермен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
  • Мемлекеттік органдардың , ҚР экономикасының басқа салаларының және халықтың  ауа-райы , климат , нақты және гидрометеорологиялық жағдайдың өзгерістері және қоршаған ортаның жағдайы, сондай-ақ олардың себептері туралы ақпараттарының қажеттілікті қанағаттандыруы .